Page 84 - index
P. 84

Сондықтан кейінгі еңбектер тіліне сабақтас құрмалас, салалас
құрмалас сөйлемдер жиірек қолданылады.

    Ғылыми еңбектердегі ғылыми мәтін синтаксисіне көңіл
бөлсек, алғашқы ғылыми еңбектердің сөйлемдер құрылысы қа­
рапайым болып, жай сөйлемдер көбірек қолданылса, қазіргі
еңбектерде жалпы жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер
бірдей жиілікте қолданылады. Ғылыми мәтіндер тілінің әдебиет,
публицистикалық еңбектердің тілінен ерекшелігі сөйлемдер
бірінші жақ көпше түрде немесе үшінші жақта баяндалады.
Сондықтан жақсыз сөйлемдер жиі кездеседі. Сөйлемдер толым-
ды болып келеді. Ғылыми мәтіндерде берілетін мәліметтердің
көптігі, күрделілігі құрмалас сөйлемдердің кеңінен қолданылуына
әкеледі. Ғылыми еңбектердегі сөйлемдер хабарлау, жаңа ғылыми
ақпарат беру сипатында болады. Сондықтан ғылыми тіл хабарлы
сөйлемдер арқылы беріледі.

    Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс
пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – мұнда ойдың
күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға
негізделуінде. Соған орай құрмалас сөйлемдердің қолданылуы
ерекше басымдық танытады. Бұл құрмалас сөйлемнің құрамында
көсемшелі, есімшелі оралымдар арқылы жасалған күрделенген
сөйлемдердің де қолданылуы жиі кездеседі. Мысалы: Бірақ, олар
қызмет талабынан туындайтын, қарым-қатынас үстіндегі әсер
ететін, қақтығыс тудыратын жағымсыз эмоциялар мен эмоцияның
себептерінен туындайтын психикалық күйді реттеп, бақылап
отыруға септігін тигізеді, өзін-өзі тәрбиелеуге, өз эмоциясын
тежеуге, мінездің ұнамды жақтарын шыңдауға, қалыптастыруға
бағыттайды, өйткені ішкі істер органдары қызметкерлерінің
қарым-қатынас ауқымы кең, қызмет нәтижелеріне қойылатын
талаптар қатаң көрсеткішті талап етеді.

    Кейде ғылыми стильдегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің
бірінші сыңарының баяндауышы шартты рай формасы арқылы
жасалып, екінші компоненті ойды тиянақтау, дәлелдеу, анықтау
тәсілдеріне арналады. Мысалы: Егерде, бұл саусақ іздері қан
дақтары тәріздес қалдықтармен жасалынса, онда алдымен
осы іздерге бөтен органикалық немесе бейорганикалық сипа-

           84

⇐ МАЗМҰНЫ
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89