Page 85 - index
P. 85

ты бар кіршік түсірмеу және оны бүлдірмеу мақсатында тиісті
фотографиялық әдістермен бекітіліп, трасолог-сарапшылармен
зерттеледі.

    Ғылыми стильде хабарлы сөйлемдер кең түрде қолданылады.
Мысалы: Тәрбие – әлеуметтік қарым-қатынастардың біртұтас
жиынтығы. Ал құқықтық тәрбие беру – тәрбиешінің де, тәр­
биеленушінің де құқықтық мәдениетінің жоғары болуын талап
етеді.

    Бұл стильде сұраулы, лепті сөйлем кездеспейді, егер кездес-
се, тек көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен оқулықтарда
ғана күрделі мәселелерге ерекше назар аудартуды мақсат еткенде
сұрақ қойылады. Мысалы: Демек, «заңмен тыйым салынбаған
нәрсеге рұқсат» деген қағида туындайды емес пе? Бұған қарап
біз бұл мәселені шешуден мемлекет өз еркімен бас тартты ма? –
деген ойға қаламыз.

    Ғылыми стильдің синтаксистік құрамына көп сыңарлы
терминологиялық тіркестер, терминологиялық сипат алған
анықт­ ауыштар, бірыңғай мүшелер де енеді. Мысалы: Грамма­
тикалық мағына арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі.
Грамматикалық категория өзара тектес, мәндес, ыңғайлас бо-
лып келеді (ғылыми оқулықтан). Көп сыңарлы терминологиялық
тіркестер ғылыми стильдің синтаксистік құрылымдарын
күрделендіріп жібереді. Орыс тілінен тікелей аударылған (кейбір
терминдік атаулар дұрыс аударылмаған) ғылыми шығарманың
тілі оның стилистикалық нормасының бұзылуына да әкеп соғады.
Ғылыми стильдегі жай сөйлемнің күрделенген түрі бағалаушы
сөздер ретінде қолданылатын анықтайтын, бағалайтын, си-
паттайтын, толықтыратын деген сөздер жиі қолданылады.

    Ғылыми құбылыстар негізделеді, түсіндіріледі, дәлелденеді
немесе теріске шығарылады. Осының бәрі ойталқы мәтіндерінде
көрініс алады. Көп зерттеушілер ойталқы мәтіндерінің мына-
дай негізгі бөліктерін көрсетеді: 1) негіздеу; 2) дәлелдеу; 3) ой
қорытындысы; 4) түсіндіру немесе баяндау. Сондай-ақ, ғылыми
мәтіндерде сөз болған баяндау тәсілдері таза түрде ғана емес,
араласып та келеді. Бұл баяндау тәсілдерінің ұқсастық жақтарын
көрсетеді.

           85

⇐ МАЗМҰНЫ
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90