Page 86 - index
P. 86

Құрылымдық ұйымдасу ғылыми мәтіндерде баяндаудың
анықтығына, дәлдігіне жету үшін керек. Сондықтан логикалық
жағынан бірізділік, композициялық мүшеленудің жүйелілігі –
кез келген ғылыми мәтінге тән. Бұлай болмаса мәтін көбінесе
өз оқушыларына жетпей жатады, оның тілі түсініксіз, құрыл­
ысы болбыр, ақпараттың берілу формасы шұбалаңқы бо-
лып келеді. Осы орайда ғылыми шығармалар ғылыми мәтінді
ұйымдастырудың өзіндік тетіктерін ескерген, семантикалық
және синтаксистік жағынан бірлікте, соған сәйкес логикалық
тұтастықта жазылған туындылар болып табылады.

    Ғылыми-техникалық лексикография және қолданбалы линг-
вистика орталықтарын ұйымдастырып, тілді ғылыми тұрғыда
терең зерттеу стилін жетілдіру – бүгінгі күнде негізгі мәселелердің
бірі. Ғылымның қай саласы екенін терминдер арқылы анықтап,
ғылыми стильдің жанрларымен ғылыми тұрғыда жан-жақты
айналысу – заман талабы. Қазіргі кезде ғылым алдына, соның
ішінде қазақ ғылымына аса зор ауқымды міндеттер қойылып
отыр. Ғылыми-техникалық даму үрдісі белең алып отырған
бүгінгі жағдайда мәселенің бұлайша қарастырылмауы мүмкін
де емес. Өйткені терминологиялық лексика, әсіресе қоғамдық,
жаратылыстану және техника ғылымдарының тілі өзгеше даму
жолына түсіп, соған байланысты неше алуан күрделі проблема-
ларды алға тартады.

                     2.4 Көркем әдебиет стилі

    2.4.1 Көркем әдебиет стилінің қызметі мен тілдік
құрылымы. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды
және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Ол
әдебиеттің үш саласына – лирика, проза, драматургияға байла-
нысты жетіледі. Осыдан келіп стильдік ерекшеліктері шығады
– өлең стилі, көркем-проза, драматургия. Бұдан ары, жалпы
стильдік ерекшеліктері мәтіннің қай жанрға жататындығына,
бейнелеудің тәсіліне (романтизм, реализм), әдеби мектеп-
ке, шығарма әдісіне (баяндау, суреттеу) байланысты болады.
Сонымен қатар, айтушының мінезіне, стильдің (белгілі бір

           86

⇐ МАЗМҰНЫ
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91