Page 87 - index
P. 87

стильге салу) бар не жоқ болуына, идеясы мен тақырыбына,
композициялық ерекшелігіне, образ құрылысына және өте үлкен
дәрежеде авторлық даралыққа да қатысты болады. Бұл – көркем
әдебиетті басқа кітаби-жазба стильдерден ажырататын басты
белгісі.

    Әдеби-көркем тілдің ерекше мәртебесі туралы атап айту ке-
рек. Кейбір зерттеушілер, мысалы, Л. Ю. Максимов, Н. А. Ме-
щерский, Н. М. Шанский, Д. Н. Шмелев көркем тілдің «көпс­
тильді» сипатын негізге ала отырып (онда барлық стильдердің
элементтері бар, рас өзгерген түрде), оны функционалды стиль-
дер категориясына қосу мүмкіндігін ескермейді. Оған әдеби тіл
құрамында ерекше орын береді. Көркем сөйлеуді олар стиль деп
атамайды, көркем әдебиет тілі деп атайды. Басқа зерттеушілер
(В. В. Виноградов, А. И. Ефимов, Р. А. Будагов) көркем әдебиет
тіліне «көркем емес» стильдердің ешқайсысын теңестірмейді,
сөйте тұра оны стиль, бірақ ерекше, жай емес, әлдеқайда
жоғарырақ, эстетикалық-коммуникативті стиль деп таниды.

    Б. Н. Головин, басқа да ғалымдар сияқты, стильдерді әлеу­
меттік әрекеттің типтеріне, сана (ойлау) жұмысының типтеріне,
шындықтың функционалды аспектілеріне (тіл мен шындықтың
өзара әрекеттесімі жағынан), қарым-қатынас жағдайларына,
сондай-ақ сөйлеу құрылымдары мен стильдердің типтік ұйым­
дарына қатынасына қарай көркем әдебиет тілі «басқа стиль-
дермен қатар», ол басқа стильдерді өзіне сіңіріп алмайды және
әдеби тіл шегінен шықпайды деп есептейді [42, 115].

    Ғалымдардың бір тобы көркем әдебиет тілінің басқа стиль-
дермен салыстырғанда едәуір өзіндік ерекшелігінің бар екенін
жоққа шығармайды. Алайда, бұл белгілер оны «тіл ішіндегі тіл»
ретінде тануға жеткіліксіз. Сондықтан көркем әдебиет тілі стили-
стика курсында әдеби тілдің ерекше түрі мәртебесінде қаралады
[2, 23].

    Көркем сөздің стильдік құрылысының ерекше күрделілігіне,
көп қырлылығына және авторлық даралықпен көрінуіне қар­ а­
мастан, жалпы көркем әдебиет стилінің белгіленген стильдік
бірлігі, тіпті жеке көркем шығарманың стильдік тұтастығы мен
бірлігі туралы айтуға болады.

           87

⇐ МАЗМҰНЫ
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92