Page 88 - index
P. 88

Ғалым Д. Әлкебаева көркем әдебиет стилінің тереңінде тө­
менд­ егідей иерархиялық мағыналық деңгейлердің стилист­ ика­
лық қабаттарының түзілетінін көрсетеді:

    – заттық мағына (денотативті кеңістік);
    – бейнелі мағына (көркем әдебиеттің эмоционалды-баға­
лауыштық кеңістігі);
    – идеялық мағына (көркем әдебиет стилінің концептуалды
кеңістігі) [15, 80].
    Көркем әдебиеттің тілі – әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің
ең толық, ең жарқын көрінетін ортасы. Талантты жазушының
қаламы тілді өнерге, көркем бейне жасау құралына айналдыра-
ды. Функционалды стильдер жүйесінде көркем шығарма тілінің
ерекше орын алатыны даусыз. Егер ғылыми стиль, ресми-
іскерлік стиль әдеби тілдің бір бұтағын, бір түрін қамтыса, ал
көркем әдебиет тілі тек әдеби тілді ғана емес, тұтас ұлттық
тілді қамтиды, сондай-ақ оның қазіргі әдеби тілдің нормалары-
мен шектелмей, көнерген тілдік бірліктерді қолданысқа енгізіп,
сөйлеудің жаңа оккозионалды мәнерлегіш пен бейнелегіш құ­
ралдарын қалыптастырады.
    Профессор. Б. Шалабай көркем шығарма тілін зерттеудің
тео­риялық негіздерін жасау төмендегідей басты мәселелердің
оң шешімін табуына байланысты болатынын көрсетеді: көркем
әдебиет стилистикасының басқа ғылымдар (соның ішінде сти-
листика ғылымының) ішінде алатын орны; көркем әдебиет тілін
зерттеудің қажеттілігін негіздеу; көркем әдебиет тілін зерттеудің
қырлары (аспектілері) және солардың ішінде көркем әдебиет
стилистикасына қатысты қыры; көркем әдебиет стилистикасы­
ның объектісі; бейне және бейнелік ұғымдарының мазмұны,
оны жасауға тілдің қатысы; көркем шығарманың тілі мен оның
идеялық-бейнелі мазмұны, жазушы көзқарасы арасындағы бай-
ланыс; көркем шығарма тілін ұйымдастырушы тұлға-бірліктер;
көркем шығармадағы автор бейнесі және оның тілдік құрылымы;
көркем шығарма тілін зерттеудің принциптері, жолдары, әдіс-
тәсілдері [43,26]. Сондай-ақ, ғалым көркем әдебиет тілін зерт­
теудің үш қырын ұсынады:

    1. Таза тілдік қыр. Қай шығарма болмасын, ол – өз тұсының

тілдік бет-бейнесінің көрінісі. Сол сияқты көркем шығармада

           88

⇐ МАЗМҰНЫ
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93