Page 89 - index
P. 89

тілдің әр деңгейіндегі құрал, амал-тәсілдерінің жүйесі таң­
баланады. Онда тек қолданыс қана емес, тілдік жүйе, норма
(узус) көрініс табады. Бұл орайда нормативті тіл ғылымы әбден
тұрақталған қағидаларын дәлелдеу үшін мысалдарды көркем
шығармадан алатыны да осыған байланысты.

    2. Стилистикалық қыр: бұл жағдайда көркем сөздің әдеби
тілдің функционалды стилі ретіндегі өзіндік сипат-ерекшеліктері
ашылады. Бұл – көркем сөз стилистикасының (лингвистикалық
стилистиканың бір саласы) зерттеу объектісі. Көркем сөздің
өзіндік ерекшеліктерін ашатын болғандықтан, ол да тілдің
поэтикалық (көркемдік) қызметінің мәнін анықтайды. Алай-
да, ол көркем тілді көркем шығарманың басқа құрылымдық
элементтерінен, оның мазмұнымен кең түрдегі байланыста алып
қарамайды, ол оның міндетіне кірмейді.

    3. Көркем-эстетикалық қыр. Көркем шығарманың тілі сол
шығарманың көркем бейнелі мазмұнын құрушы (ұйымд­ ас­
тырушы) эстетикалық категория ретінде анықталады. Бұл жағ­
дайда тіл өзі жасайтын көркем бейнелермен бірлікте, көркем
дүниені ұйымдастырушы (жасаушы) бір компоненті ретінде
қаралады. Бұл тұрғыда алып зерттеу кезінде көркем идеяны беру
үшін жазушының тілдік құралдарды ұйымдастырудағы эсте­
тикалық мақсатты бағытталған жұмысы ашылады [43,29-30].

    Көркем әдебиет стилі тілдік құралдар арқылы бейне (образ)
жасау мақсатын көздейді. Соған орай, онда сөйлеудің көркемдік,
экспрессивті-эмоционалдық бояулары кең қолданылады. Мыса-
лы, автордың берілген ойға қатысын білдіретін лексика (масатта-
ну, жаны ашу, жылылық, құрмет көрсету, әзілқойлық, жек көру,
беделін түсіруге тырысу); реңк мәнді жұрнақтар; синтаксистік
конструкцияда лепті сөйлемдердің жиі қолданылуы және т.б. Со-
нымен бірге, бұл стильге қарапайымдылық, табиғилық беретін
және шынайы өмір мен терең де таза сезімдерді білдіруге
көмектесетін ең дағдылы әрі көпшілік қолданатын сөздерді жиі
пайдалану тән. Сөйлеудің жандылығы мен табиғилығына қол
жеткізу үшін ауызекі сөйлеу тілінің элементтері де қолданылады.
Керісінше, іскерлік салқынқандылық пен құрғақтықты білдіретін
элементтер тіпті қолданылмайды. Мәселен, терминдер мүлдем

ұшыраспайды десе де болады.

           89

⇐ МАЗМҰНЫ
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94