Page 90 - index
P. 90

Көркем сөйлеуде түрлі тілдік бірліктердің метафоралығы
мен бейнелілігі жиі байқалады да, онда синонимдердің, көп­
мағыналылықтың, лексиканың түрлі стилистикалық қабатт­ а­
рының бар мүмкіндіктері жиі қолданылады. Мұндағы барлық
құралдар, соның ішінде, бейтараптық құралдар да, жазушының
поэтикалық ойын, образдар жүйесін жеткізуге қызмет етеді.

    Әрбір нақты жағдайда бүкіл тілдік-стилистикалық құрал­
дардың ішінен бір ғана құрал қисынды, осы контекске ең
қажеттісі болып табылады. Образ бен оның анық ерекшелігін
бейнелеуде көркем сөйлеудің жоғары сапасы түсінігі мен оның
міндетті қасиетіне сөйлеудің қайталанбауы мен жаңашылдығы
жатады. Сонымен қатар, көркем мәтін бейнелілігімен ғана емес,
ашық эмоционалдылығымен де айқындалады. Д. Э. Розенталь
көркем әдебиет тілінің төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:
1) коммуникативтік және эстетикалық қызметтердің тұтасты­
ғы; 2) көпстильділік; 3) бейнелеуіш-мәнерлегіштік құралдардың
кең қолданылуы; 4) автордың шығармашылық даралығының
көрінуі [32, 50]. Бұл көрсетілген ерекшеліктердің ішінен тек
эстетикалық қызметті ғана көркем әдебиет стиліне тән деп
санауға болады, ал қалғандары белгілі бір деңгейде басқа стиль-
дерде де кездеседі. Мысалы, тілдің бейнелеуіш-мәнерлегіштік
құралдары публицистикалық стильдің көптеген жанрлары мен
ғылыми-көпшілік стильдерде қолданылады. Автор баяндауының
даралығын ғылыми және қоғамдық-саяси мәтіндерден де
ұшырастырамыз. Әдеби тіл – бұл тек көркем әдебиет тілі ғана
емес, сондай-ақ, ол – ғылым тілі, мерзімді басылымдар тілі,
мемлекеттік мекемелер тілі, мектептер тілі және т.б. Оның да-
муына ауызекі сөйлеу тілі ерекше ықпал етеді. Ауызекі сөйлеу
стилі мен көркем әдебиет стилінің бірнеше жақындықтары бар.
Олар: эмоционалдылықтың жоғары деңгейде көрінуі, тілдік бір­
ліктердің модальдық реңктерінің көпқырлылығы және әдеби нор­
маларға қатысы, яғни әдеби нормадан тыс тілдік құралдардың
қолданылу мүмкіндігінің жоғарылығы. Көркем шығарма ауызе­ кі
сөйлеудің лексикасы мен фразеологиясын ғана емес, сонымен
қатар синтаксистік құрылымын да кең пайдаланып, соңғысын
(синтаксистік құрылымды) белгілі бір деңгейде, әсіресе, ба-

           90

⇐ МАЗМҰНЫ
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95