Page 91 - index
P. 91

яндауда әдеби нормаға жақындатады. Алайда көркем шығарма
ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін сол күйінде емес, белгілі
бір дәрежеде іріктеп, өңдеп, ең бастысы, эстетикалық функцияға
бағындырып қолданады [27, 200].

    Жалпы әдеби тілдің бір бөлігі бола тұрып, көркем әдебиет
тілі әдеби тіл нормаларының шегінен жиі шығып кетеді.
Жергілікті кейіпкердің бар болмысын бейнелеу үшін диалекті
сөздерді, әлеуметтік ортаның сөйлеу ерекшеліктерін көрсету
үшін түрлі жаргондарды, кәсіби сөздер мен тілдік клищелерді
жиі пайдаланса, түрлі стилистикалық мақсатта архаизм мен
историзмдердің де қолданылу үрдісі жиі кездеседі. Олар та-
рихи дәуірдің ерекшелігін бейнелеумен қатар, кейде сөйлеуге
салтанаттылық, масаттанушылық реңк үстесе, кейде иронияны,
сатира мен пародияны білдіру үшін қолданылады.

    Көркем әдебиет стилі, оны тілдік қатынас өрісінің басқа
стильдерінен ажырататын өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін
әрқашан сақтайды. Бұл стильдік белгілер тілдік құралдарды
сөйлеуде эстетикалық функциясында пайдаланумен байланысты.
Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.
Көркем шығарманың өнер сияқты ерекше қасиетінен туын-
дайтын эстетикалық қызметі тілдік құралдардың байлығына,
кеңдігіне, көпқырлылығына негізделеді.

    Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің
аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі.
Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер
жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл
ерекшелігі, сөз қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі
бір-бірімен арақатынаста болып, көркем әдебиет стилінің басқа
стильдерде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.

    Көркем әдебиет тілін екі негізгі түрге бөлуге болады: про-
за және өлең тілі [18, 123]. Проза – бұл «естественная форма
организованной человеческой речи» [44, 10]. Өлең тілі жалпы­
халықтық тіл заңдарымен қатар, өзіне ғана тән сөйлеудің «та­
биғи формасына» едәуір шектеу қоятын заңдарға да бағы­
нады. Өлең тілінің құрылымындағы ең бастысы – оның ерекше
ырғаққа ие болуы, яғни сөйлеу бірліктерінің – екпін түсетін

           91

⇐ МАЗМҰНЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96