Page 92 - index
P. 92

немесе түспейтін буындардың заңды қайталануы. Өлең тілінде
дыбыстардың қайталануы, дауыссыз (аллитерация), дауысты
(ассонанс) дыбыстардың үндесуі ерекше орын алады. Дыбыстық
қайталаулардың ішінде, әсіресе, өлең жолдарының соңында
қайталануы өлеңді ерекше ырғаққа бөлейді. Өлең жолдарын ком-
поненттерге бөлу прозалық шығармалардағыдан мүлдем бөлек.
Прозалық шығармаларда сөйлеу компоненттері сөйлемдер
(жай және құрмалас), сөз тіркестері, сөздер деп бөлінсе, поэзи-
яда ол шумақтар мен өлең жолдарына бөлінуімен күрделенеді.
Өлеңдерде «қалыпты» паузалардан бөлек, жолдар арасында
кездесетін «өзіне тән жеке» тұрақты паузалар болады да, олар
өлеңге ерекше эмоционалды-көркемдік реңк беріп тұрады.
Сөздер прозаға қарағанда поэзияда көбірек дербестікке ие бола-
ды.

    Өлең жолдарының ырғақ, ұйқас, интонацияның өзге­
шелігі, ассонанстар, аллитерациялар және тағы басқа осылар
сияқты арнайы құралдары көркемдік мәнерлеудің қосымша
тәсілдері болып табылады. Олар сөйлеудің негізгі, қарапайым
құралдарымен, өздерінің көпмағыналылығымен, ассоциатив­
тілігімен ерекшеленеді. Оларда алғашқы орында эмоционалдық
реңк тұрады. Интонацияның өзгешелігімен, паузалармен жым­
даст­ ырылған өлең жолдары белгілі бір көркемдік қызмет
атқарады.

    Көркем әдебиетке тән екі ерекше белгіні көрсетуге болады:
өмірді бейнелеу сипаты және оқырманға қатынастың ерекшелігі.
Бұл екеуі де бір-бірімен тығыз байланысты белгілер. Көркем
әдебиет те, барлық өнер салалары сияқты, өмірді бейнелі түрде,
сезімталдықпен бейнелейді де, соған орай оқырманның сезіміне
әсер етеді [18, 127].

    Жазушы өмірді тікелей емес, өзі жасаған шығарманың об-
раздар жүйесі арқылы көрсетеді. Ол өмірдегі фактілерді өзінің
өмірлік танымына, көзқарасына, эстетикалық талғамына,
идеялық және көркемдік талаптарына (оның ішінде міндетті
түрде оқырманға әсер ету де бар) сәйкес іріктейді, жинақтайды,
толықтырады және біріктіреді. Көркем шығармаларда ав-
тор мен кейіпкерлердің бір-бірімен күрделі қатынаста бола-

           92

⇐ МАЗМҰНЫ
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97