Page 93 - index
P. 93

тын бірнеше «көзқарас бұрыштары», бірнеше бағалауыштық-
эмоционалдық және сөйлеу реңктері болады. Әрине, өмірдегі
көптеген фактілер көркемдік модельден тыс қалады, бірақ басқа
фактілер нақтыланады және ерекше жеткізіледі. Д. С. Лихачев:
«Көркем шығарма әлемі шындықты бір бөлігі қысқартылған,
шартты нұсқасында суреттейді»,– деп жазады, алайда талант-
ты жазушының қаламынан туындағын шығармаларда бұл су-
рет: «кейбір жағдайларда оның барынша қысқартылғанына,
шарттылығына қарамастан, шын өмірдегіден әлдеқайда көп­
қырлы және кеңірек» болып келеді [45, 79].

    Көркем әдебиет стилінің экспрессивті және эмоционалды
болатынын жоғарыда айттық. Автор оқырманға көркем бейне
арқылы әсер етуге тырысады. Тілдің көркемдік, бейнелегіштік
құралдарын өзінше құбылтып, өз мақсаттарына сай пайдалана-
ды. Көркем шығармада сөздерді түрлі-түрлі ауыспалы мағынада
қолдану мен бейнелеуіш, суреттеме құралдары – теңеу, метафора,
метонимия, синекдоха, эпитет, т.б. жиі ұшырасады. Сондай-ақ,
тілдің көркемдегіш құралдары – градация, перифраз, қайталау,
инверсия, антитеза, т.б. еркін пайдаланылады. Сөздер көркем
әдебиетте екі қырынан көрінеді: номинативтік-коммуникативтік
бірлік ретінде және көркемдік мәнерлеу мен бейне (образ) жаса-
ушы құрал ретінде [32, 50].

    Көркем әдебиет түрлерінің жанрлық жақтан топтастырылуы,
олардың тілдік көркемдік ерекшеліктерімен сараланып жіктелуі,
қазіргі таңда стилистикалық категориялар – мәтін стилистикасы
– автор бейнесі – қабылдаушы категориясы деген ұстанымдарды
қажет етеді. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи
шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар,
сатиралық туындылар, эсселер т.б. деген бөлініске бөлудің өзі
осы бір стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды
қажет ететінін танытады [15, 78].

    Әдеби шығарманың негізгі құралы – тіл. Көркем бейне
жазушының шеберлігіне, оның жалпыхалықтық тіл байлығын
жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер су-
реттей білуіне тікелей бағынышты. Ақын-жазушылардың
өзіндік стиль ерекшеліктері, жазу мәнері жалпыхалықтық тілдің

           93

⇐ МАЗМҰНЫ
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98