Page 94 - index
P. 94

негізінде қалыптасып жетіледі. Жазушының стиль ерекшелігі –
жалпыхалықтық тілдің жалғасы ретінде дамитын әдеби тілдің
маңызды бөлшегі.

    Академик В. В. Виноградов: «Көркем шығарманың тілін
зерттеу мәселесі тіл білімінен де, әдебиеттанудан да өз алдына
айырмашылығы бар филология ғылымдарының айрықша бір
бөлек саласы болуға тиіс», – деп есептейді.

    2.4.2 Көркем шығармадағы автор бейнесінің тілдік кө­
рінісі. Көркем әдебиет стиліндегі басты ұғым – бейне немесе
бейнелілік. Бейненің стилистикада әбден қалыптасқан мәні – су-
реткер танып игерген шындықтың шығармада айқын, нақты фор-
мада көрініс алуы. Ол – жалпыланған, біртұтас, іштей аяқталған
және ең бастысы, идеялық-эстетикалық мәнге ие.

    Өнердің қай түрінде болмасын бейнелеудің (бейнені жарық­
қа шығарудың) өзіндік формалық құралдар жүйесі болады. Әде­
биетте ол құрал – тіл. Басқа өнер түрлерінен айырмашылығы
– тілдік құралдар арқылы жасалған бейне тікелей қабылданбай,
екінші сигнал жүйесі арқылы сатылай қабылданады [43,34].

    Әдеттегі (көркем емес, жай) қолданыста тілдің мазмұны, ол
арқылы берілетін ой, идея тікелей, тура көрінсе, көркем шығар­
мада идеялық мазмұн мен тілдің арасын бейнелі жүйе (образдар
жүйесі) алып жатады. Тіл арқылы көркем бейнелер: ең кішісінен
(сөз-бейне) күрделі түріне (адам, қоғам, уақыт бейнелері) дейін­
гі түрлері жасалады. Тұтас жүйе құрылымындағы солардың қа­
рым-қатынасы, тоғысуы, дамуы арқылы жазушының (шығар­
ма­ның) идеялық ой-түйіні қалыптасады. Әдеби шығарманың
көркемдік-тілдік негізі көптеген түрлі компоненттердің – сөз
бен грамматикалық формалардан бастап тұтас бағалауыштық-
тілдік құрылымдардың бірлігінен тұрады. Оларды іріктеу,
қалыптастыру, тіркестіру көркем шығарма тілінің эстетикалық
қызметіне негізделеді. Бұлар шығарманың көркемдік-тілдік
жүйесін құрайды да, оның барлық компоненттері бір-біріне ғана
бағынышты емес, сондай-ақ олар тұтас жүйеге де байланысты
болады. Сөздің көркем шығармадағы рөлін орыс зерттеушісі
С.Антонов былай көрсетеді: «Сөз эстетикалық мағынаға тек
шығарманың ішінде ғана ие болады. Ол мәтіннің ішінде сипа-

           94

⇐ МАЗМҰНЫ
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99