Page 95 - indexf
P. 95

ықпал жасай бермейді. Психологиялық сөре алдыңғы күйдің:
жауынгерлік даярлық күйі, старттық қызба (лихорадка) және сөрелік
апатия (мең-зеңдік) сияқты 3 түрін бөліп көрсетеді. Жауынгерлік
даярлық күйі жүйке орталықтары лабилділігі (мүмкіндігі) мен
қозғыштығының қалыпты жоғарылауымен сипатталады. Жеке
мүшелер мен жүйелердің функциялық күйі жұмысты орындауға
даярлықты қамтамасыз ететін оптималды деңгейде болады. Қалыпты
эмоциялық қозу жоғары спорттық нәтижеге жетуге мүмкіндік
береді. Старттық қызба күйі қозғыштықтың, тітіркендіргіштіктің
жоғарылауымен, оқытушымен (жаттықтырушымен) және жолдаста-
рымен конфликті (даулы) қатынасқа бейім тұруымен ерекшеленеді.
Қарапайым қозғалыс рефлексінің жасырын (латентті) кезеңінің аза-
юы мен ажырату тежелуінің әлсіреуі айқын (объективті) байқалады.
Шұғыл көрінген қозу ықпалынан спорттық жұмыс қабілеттілігінің
жоғарылауы сияқты төмендеуі де байқалуы мүмкін.

    Шектен тыс сөрелік қозу (күшті және ұзақ қозу) спорттық
нәтиженің төмендеуіне келіп саятын сөрелік апатияға әкеледі.
Бұл жағдайда қорғану тежелу үдерістері басым бола бастайды.
Ішкі мүшелер, қозғалыс қызметі көрсеткіштері төмендейді. Шек-
тен тыс қозу сияқты сөрелік апатия да психогендік факторлар
кешенімен қалпына келуі мүмкін. Спортшының психологиялық
күйінің қалпына келуінде аутогендік жаттықтырудың маңызы зор.
Аутогендік жаттықтыру ерте сөре алдыңғы күйде физиологиялық
және психологиялық қызметтерді қалпына келтіруде ерекше мәнге
ие.

    Сөре алдыңғы реакциялар жасқа байланысты өзгереді. Төменгі
сынып балалары мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістер
дәрежесі мен орындалатын жүктеме мөлшері арасында заңдылықты
байланыстар әрқашан байқала бермейді. Кәмелеттік жаста неғұрлым
сөре алдыңғы өзгерістер көп болған сайын, соғұрлым орындалатын
жұмыс немесе жарыс күрделірек болып келеді. Бұл функциялық
күйді реттеуде екінші сигналдық тітіркендіргіштердің рөлінің
жоғарылауы салдарынан болып табылады. Төменгі сынып балалары
мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістердің барабар (адекват-
ты) еместігі немесе аз айқындалуы шартты рефлекстік қозғалыс ре-
акцияларын нақты ажырату мен нығайту үшін қажетті тәжірибенің
жеткіліксіздігімен байланысты болады.

           95

⇐ МАЗМҰНЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100