Page 96 - indexf
P. 96

Бой жазу

    Жаттығуларды (жаттықтыру немесе әсіресе, жарыс) орындау
алдында температуралық гомеостазды реттеу үшін сөре алдыңғы
(алдын ала) тірек-қимыл және кардиореспираторлық жүйелер
дайындығының, яғни бой жазудың маңызы зор.

    Бой жазу немесе бой қыздыру дегеніміз – жарысқа немесе
жаттықтыру сабағының негізгі бөліміне түсер алдында орындала-
тын жаттығулар. Бой жазу сөре алдыңғы күйді жақсартуға мүмкіндік
береді, бабына келу үдерістерінің жылдамдауын қамтамасыз етеді
және жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады. Бой жазудың жарыс не-
месе жаттықтыру әрекетіне жағымды ықпал ету механизмдері сан
алуан:

    1.	Бой жазу вегетативтік жүйке орталықтарының, үлкен
ми сыңарлары қыртысы сенсорлық және моторлық жүйке
орталықтарының қозғыштығын жоғарылатады, ішкі секре-
ция бездерінің қызметін күшейтеді. Осының арқасында келесі
жаттығуларды орындау кезінде қызметтердің оптималды реттелу
үдерістерінің тездетілуі үшін жағдай жасалады.

    2.	Бой жазу оттегі тасымалдау жүйесінің (тыныс алу және
қан айналу) барлық буындарының қызметін күшейтеді: ӨВ,
альвеолалардан қанға О2 диффузия жылдамдығы, ЖЖЖ мен
жүректің минуттық қан көлемі, қан қысымы, веноздық қайтарылу
жоғарылайды, өкпедегі, жүрек, қаңқа бұлшық еттеріндегі
капиллярлық (қылтамырлық) торлар кеңейеді. Бұлардың барлығы
ұлпалардың оттегімен жабдықталуының күшеюіне және сәйкесінше,
бабына келу кезеңінде оттектік тапшылықтың азаюына, «өлі нүкте»
күйінің алдын алып немесе «екінші тыныс алудың» ашылуының
жылдамдауына әкеледі.

    3.	Бой жазу тері қан айналымын күшейтеді және тер бөліну
табалдырығын төмендетеді, сондықтан ол жылу шығарылуын
жеңілдетіп, келесі жаттығуларды орындау кезінде дененің шектен
тыс қызуының алдын алып жылу реттелуге жағымды ықпал жа-
сайды.

    4.	Бой жазудың көптеген жағымды әсерлері дене және
әсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық еттер температурасының
жоғарылауымен байланысты. Сондықтан бой жазуды көбіне, бой
қыздыру деп те атайды. Ол бұлшық ет тұтқырлығының төмендеуіне,

           96

⇐ МАЗМҰНЫ
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101