Page 118 - indexf
P. 118

Қажудың түрлері

    Қажу дене және ой еңбектерінде пайда болады. Ол жедел (қысқа
мерзімде туады) және созылмалы (ұзақ мерзімде – айлар немесе
жылдар бойы) әртүрлі физиологиялық жүйелер мен тұтас организм-
де байқалады. Қажу жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы
қажуда тұтас организмнің әрекеттері өзгереді, ал жергілікті қажуда
кейбір бұлшық еттердің, жеке талдағыштардың, т.б. қызметтері
төмендейді.

    Дене жүктемесінен кейінгі жергілікті қажу жүйке
орталықтарында, синапстарда және бұлшық еттің өзінде туатын
өзгерістерге байланысты. Жүйке орталықтары қызметі өзгерістері
олардың белсенділігі мен ширақтығының төмендеуінен, қозу-тежелу
үдерістері байланыстарының бұзылуынан туады.

    Реципроктық қарым-қатынастың нашарлауынан қосарлас (си-
нергист) бұлшық еттердің өзар үйлесу тәртібі жойылады. Сондықтан
бұлшық еттердің ширақтығы мен қозғыштығы төмендейді және
оның күші мен жиырылу жылдамдығы әлсірейді. Қажу кезінде
еттің энергия қоры азайып, кальций мен калий иондарының балан-
сы өзгереді, синапстың ацетилхолинге сезімталдығы төмендейді.
Қажудың пайда болуы бұлшық ет қан айналысына да байланысты.
Өте жақсы жаттыққан бұлшық еттер шыдамды (төзімді) келеді.
Жергілікті өзгерістер нәтижесінде организмнің жалпы қажуы туа-
ды. Ол орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінен басталады.
Өйткені қозғалыс орталығы мен вегетативтік жүйелер қызметін
реттейтін орталықтардың өзара әрекеттесу үйлесімі бұзылады. Со-
нымен қатар жалпы қажу кезінде оны сана арқылы ерікті үйлестіру
нашарлайды. Бұлшық еттің жиырылу күші мен жылдамдығы,
шыдамдылығы төмендейді. Жалпы қажу кезінде жүректің жиы-
рылу күші әлсірейді, жиілігі артады. Қанның систолалық көлемі
өсіп, диастолалық қысымы көтеріледі. Осыған байланысты жұмыс
атқарушы мүшелер қанмен нашар қамтамасыз етіледі. Сонымен
бірге өкпе вентиляциясы, оттегіні пайдалану азаяды. Организмнің
энергия қоры сарқылады, әсіресе, гликоген жетіспейді.

    Жалпы қажу статикалық қимылдарда, бұлшық еттің үздіксіз
жиырылуы кезінде пайда болады. Бұл жағдайда кенеттен жүрек
әлсіреп, әртүрлі аймақтарда қан айналысы бұзылады, демікпе, циа-
ноз, үйлесімсіз қимыл байқалады. ОЖЖ мүшелер мен жүйелерді
бірлестіріп, әрі олардың қызметтерін үйлестіріп үлгермейді.

                                      118

⇐ МАЗМҰНЫ
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123