Page 119 - indexf
P. 119

Сондықтан вегетативтік жүйе организмді дер кезінде қоректік зат-
тармен, энергиямен қамтамасыз ете алмайды.

    Жедел (жіті) қажу дағдыланбаған адамдарда ұзақ жұмыстың
алғашқы сәтінде кездеседі. Ол мүшелер мен жүйелерді бұрынғы
қалпына келтіру қоры азайғандықтан және реттеуші механизмнің
олқылықтарынан туындайды.

    Бұл қажу қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығы
жоғары болған жағдайда тез пайда болады. Өйткені адам қатты тер-
леп, организм маңызды микроэлементтерден арылады. Қажудың бұл
түрі кәрі адамдарда айқын көрінеді, олардың организмі бұрынғы
қалпына баяу келеді.

    Созылмалы қажу жүйке-бұлшық ет және вегетативтік
жүйелердің өзгерістеріне әкелетін қарқынды жұмыстардан кейін
байқалады. Мұнда орталық жүйке жүйесінің меңгеру әрекеті
өзгеріп, организмнің күш салу мүмкіндігі, жұмыс қабілеттілігі,
күрделі үйлесімдігі әлсірейді. Тахикардия байқалып, диастолалық
қысым көтеріледі. Сонымен қатар жүйке үдерістерінің балансы
өзгереді, жұмыс және тұрмыс жағдайындағы төзімділік пен сақтық
жойылады. Организмнің қолайсыз жағдайларға бейімделу қабілеті
төмендейді, сондықтан ол жиі ауруларға шалдығады.

    Ақыл-ой жұмыстарында қажу тез басталады. Мұнда зейін,
зерде (ес) әлсірейді, тез шешім қабылдау, анық қисынды сөйлем
құрау, дерексіз ойлау қабілеті төмендейді. Ақыл-ой қажуы да же-
дел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел ой қажуында негізгі
физиологиялық көрсеткіштер тәулік ішінде бұрынғы орнына келеді.
Ми қыртысында шектен тыс тежелу байқалады, қан айналысы
өзгереді, талдағыштардың орталық бөлімінің қызметі нашарлайды.

    Жалпы физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дене мен
ой еңбегінен туындайтын қажудың айырмашылығы шамалы.
Сондықтан оны болдырмау шаралары бірдей болады.

    Қажуды анықтау үшін объективті және субъективті белгілер
қолданады. Субъективтік белгіге шаршау түйсігі жатады. Ол
белсенді жұмыс істеп отырған жүйке орталықтарының тежелуінен
туады. Объективті белгілер жұмыс қабілеттілігінің өзгеруінен және
қажумен қатар білінетін әртүрлі жүйелердің өзгерістерінен тұрады.
Біріншіден, жұмыс қабілеттіліктің сандық көрсеткіштері, нақтылы
мерзімдегі жұмыс өнімі төмендейді. Мұны корректуралық кесте-
лер немесе эргографиялық зерттеулер арқылы тексереді. Екіншіден,
жұмыс қабілеттілік сапасы, арнайы бақылау тапсырмаларын орын-

                                      119

⇐ МАЗМҰНЫ
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124