Page 121 - indexf
P. 121

тын бұлшық еттердегі лактат концентрациясы елеусіз жоғарылайды.
Вегетативтік қамтамасыз ету жүйелері бұл жаттығуларды орындауда
және сәйкесінше, қажудың дамуында шешуші рөл атқармайды.

    Максималдыға жуық анаэробтық қуаттылықты жатты-
ғуларды орындау кезінде де қажудың дамуын ОЖЖ мен орындаушы
бұлшық ет аппаратында жүретін өзгерістер анықтайды. Максимал-
ды анаэробтық жұмыс кезіндегі сияқты бұл жаттығуларда да ОЖЖ
негізгі жұмыс бұлшық еттерін жүйкемен жабдықтайтын көптеген
жұлын мотонейрондарының жоғары жиіліктегі импульсациясы
мен белсенуін қамтамасыз ету қажет. Бұлшық ет жасушаларының
өзінде анаэробтық метаболизм субстраттары – фосфагендер мен
бұлшық ет гликогенінің қарқынды шығындалуы жүруінен қанға сүт
қышқылының айтарлықтай мөлшері шығарылады. Максималдыға
жуық анаэробтық жұмыс кезінде қажудың маңызды себебі
фосфагендердің түгесілуімен қатар бұлшық ет пен қанда сүт
қышқылының жинақталуы болып табылады. Бұл бір жағынан,
бұлшық етте гликогенолиз жылдамдығын төмендетсе, екінші
жағынан, ОЖЖ қызметіне жағымсыз ықпал етеді.

    Субмаксималды анаэробтық қуаттылықты жаттығуларды
орындау кезінде фосфагендер ресинтезі жеткілікті жылдамдықпен
жүреді, сондықтан жұмыс соңында олардың айтарлықтай
шығындалуы байқалмайды. Бұл жаттығулардағы қажудың басты
механизмі (энергия өндірілудің негізгі жолы ретінде) қарқынды
гликогенолизбен байланысты бұлшық ет пен қандағы лактаттың
жинақталуы және соның салдарынан бұлшық ет пен қанда рН
төмендеуі болып табылады. Бұл фактордың екеуі де бұлшық
еттегі гликогенолиз жылдамдығының төмендеуіне әкеледі және
ОЖЖ қызметіне теріс ықпал етеді. Субмаксималды анаэробтық
қуаттылықты жаттығулар кезінде жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші
қосымша (дегенмен, өте мәнді емес) фактор оттегі тасымалдау
жүйесінің қызметтік мүмкіндіктері болып табылады. Сондықтан
осындай жұмыстарды орындау кезіндегі қажу механизмдерінің бірі
бұлшық еттің оттегімен жеткіліксіз жабдықталуы болып саналады.

    Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орын-
дау кезінде қажу ең алдымен, жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші
фактор болып табылатын оттегі тасымалдау жүйесімен байла-
нысты. Аталмыш жағдайда қажудың басты механизмдерінің бірі –
жұмысшы бұлшық еттердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

           121

⇐ МАЗМҰНЫ
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126