Page 120 - indexf
P. 120

дау нашарлайды. Үшіншіден, жұмысқа байланысты үйлесімді
әрекеттер бұзылады.

    Жұмысқа қабілеттілік сапасына әлеуметтік жағдайлардың
(тұрмыс салты, молшылық және т.б.) мәні зор. Сонымен бірге
оған кейбір ішкі факторлар: денсаулық күйі, жүйке жүйесінің
ерекшеліктері де әсер етеді. Ал жүйке жүйесінің қызметі ішкі секре-
ция бездерінің қызметімен байланысты болады.

    Қажудың түрлері, оның даму сатылары адамның жеке қасиетте-
ріне, жұмыс жағдайлары мен тәртіптеріне байланысты келеді.
Сондықтан оны болдырмау үшін қоршаған ортадағы санитарлық
және гигиеналық шараларды жақсарту керек. Жаттықтыру және жа-
рыс өткізілетін орындардың (спорт залдар, гимнастикалық, бокс зал-
дары және т.б.) арнайы гигиеналық талаптарға сай жабдықталуына
аса мән берілу қажет. Жұмысты қолайлы ұйымдастырудың да
(жұмыс орны, тұлға қалпы, бірсарынды еңбекті азайту) маңызы
бар. Жұмысқа қабілеттілікті үнемі жаттығу, жұмыс дағдыларын
қалыптастыру, кәсіби үйрету, тиімді тынығу арқылы жоғарылатуға
болады.

      Түрлі спорттық жаттығуларды орындау кезіндегі қажу

    Түрлі жаттығулар үшін қажу механизмдерінің және жетекші
жүйелердің (локализация) арнайы комбинациясы тән.

    Максималды анаэробтық қуаттылықты жаттығуларды
орындау кезінде қажудың дамуында ОЖЖ мен орындаушы жүйке-
бұлшық ет аппаратында жүретін үдерістер маңызды рөл атқарады.

    Бұл жаттығулар кезінде жоғары моторлық орталықтар жұмыс
атқаратын бұлшық еттердегі жұлын мотонейрондарының макси-
малды санын белсендіріп және жоғары жиіліктегі импульсация-
сын қамтамасыз ету керек. Осындай қарқынды «моторлық топ»
тек бірнеше секунд ғана болады. Әсіресе, импульсация жиілігі
ерте төмендейді және жылдам мотонейрондардың істен шығуы
жүреді. Жұмысшы бұлшық еттердегі фосфагендер, әсіресе, кре-
атинофосфат тез шығындалады, демек, осы жаттығуларды орын-
дау кезіндегі қажудың жетекші механизмдерінің бірі осындай
жұмысты қамтамасыз ете алатын негізгі субстраттар ретіндегі
фосфагендердің түгесілуі болып табылады. Анаэробтық гликолиз
баяу дамиды, сондықтан жұмыстың бірнеше секундында жиырыла-

                                      120

⇐ МАЗМҰНЫ
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125