Page 122 - indexf
P. 122

Мұндай жұмыс үдерісінде бұлшық еттер энергияның айтарлықтай
үлесін бұлшық ет пен қанда жинақталуы (рН төмендеуі) қажудың
дамуында маңызды рөл атқаратын сүт қышқылының түзілуімен
жүретін анаэробтық гликогенолиз нәтижесінде алады.

    Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды
орындау да негізінен оттегі тасымалдау жүйесінің мүмкіндікте-
рімен лимиттеледі. Оларды орындау үдерісінде фосфагендер кон-
центрациясы айтарлықтай емес төмендейді, бұлшық ет пен қандағы
лактат концентрациясы салыстырмалы көп болмайды. Қажу жүрек-
тамыр жүйесінің, әсіресе, жүректің қызметінің төмендеуімен бай-
ланысты. Жүрек қызметі бұлшық еттің оттегімен жабдықталуын
лимиттеуші басты фактор болып саналады. Жұмыс негізінен гликоге-
нолиз арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ оны жалғастыруды тоқтатуы
организмнің көмірсу ресурсының түгесілуімен байланысты емес.
Бұлшық ет пен қандағы сүт қышқылының жоғары концентрация-
сы оны максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды
орындау кезіндегі қажудың маңызды механизмдерінің бірі ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.

    Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар жүрек-
тамыр жүйесіне жүктеменің көп болуымен байланысты. Олар-
ды орындау негізгі субстрат ретінде бұлшық ет гликогені мен қан
глюкозасын пайдаланатын жұмысшы бұлшық еттердегі тотығу
үдерістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жаттығулар кезінде қажудың
басты механизмі жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен бауырдағы
гликоген қорының түгесілуі болып табылады. Квази тұрақты күй
кезеңі барысында жүрек-тамыр жүйесі қызметінде байқалатын
көптеген өзгерістер ақыр аяғында қажуға әкеледі. Жүрекке көп және
ұзақ уақыт ықпал еткен жүктеме миокард қызметінің төмендеуіне
әкеледі. Қажудың дамуында жұмыстың жалғасуы барысында
жоғарылайтын қажетті дене температурасын ұстап тұру (жұмыс ги-
пертермиясы) белгілі бір рөл атқарады.

    Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығулар да оттегі та-
сымалдау жүйесіне айтарлықтай жүктеме түсіреді. Мұндай
қуаттылықты жұмыстарда гипогликемияның дамуына әкелетін
бұлшық ет гликогенінің айтарлықтай және бауырдағы гликогеннің
күшті шығындалуы (түгесілуі) жүреді. Сонымен қан глюкозасы
жалғыз энергия көзі болып табылатын ОЖЖ екіншілік зардап шегеді.
Бұдан басқа жылу реттелу үдерісінің бұзылуының көп маңызы бар.

           122

⇐ МАЗМҰНЫ
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127