Page 123 - indexf
P. 123

Бұл дене температурасының критикалық жоғарылауын тудыруы
мүмкін. Қосымша қан айналымының қайта таратылуы (тері қан
айналымының күшеюі мен жұмыс атқаратын бұлшық еттердегі қан
айналымның төмендеуі) нәтижесінде жылу шығару жоғарылайды.
Жұмысшы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуінің төмендеуі бұлшық
ет қажуына әкеледі.

    Аз аэробтық қуаттылықты жаттығулар да орташа аэробтық
қуаттылықты жаттығулар кезіндегі қажу локализациясы мен
механизмдері сияқты сипатталады. Айырмашылығы сипатталған
үдерістердің неғұрлым баяулап өтуінен және майлардың көп
шығындалуынан тұрады. Толық тотықпаған өнімдер қанға түсіп
қажудың маңызды факторы болуы мүмкін.

           Қалпына келу

    Жаттығуды тоқтатқан соң сол жаттығудың орындалу-
ын қамтамасыз ететін физиологиялық жүйелер қызметінің кері
өзгерістері жүреді. Осы кезеңдегі өзгерістер жиынтығының барлығы
қалпына келу түсінігіне келіп саяды. Қалпына келу кезеңі барысын-
да жұмыс метаболизмі өнімдері жойылады және бұлшық ет әрекеті
кезінде шығындалған энергиялық қор, пластикалық (құрылымдық)
заттар (белок және т.б.) мен ферменттер толтырылады, яғни бұзылған
гомеостаз жұмысының қалпына келуі жүреді. Бірақ қалпына келу
организмнің тек жұмыс алдыңғы күйіне оралу үдерісі ғана емес.
Осы кезеңде организмнің қызметтік мүмкіндігінің жоғарылауын,
яғни жаттықтыру әсерінің тиімділігін қамтамасыз ететін өзгерістер
де жүреді.

    Жұмысты тоқтатқаннан кейінгі қызметтердің қалпына
келуі. Жұмысты тоқтата салысымен түрлі физиологиялық жүйелер
қызметінде алуан түрлі өзгерістер жүреді. Қалпына келу кезеңінде:

    1. Тез қалпына келу;
    2. Баяу қалпына келу;
    3. Суперкомпенсация (немесе «қайта қалпына келу»);
    4. Ұзақ (кеш) қалпына келу сияқты 4 фазаны бөліп көрсетуге бо-
лады.
    Әртүрлі қызметтерде бұл фазалар, олардың ұзақтығы мен си-
паты түрліше болады. Алғашқы екі фазаға қажытатын жұмыс

           123

⇐ МАЗМҰНЫ
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128