Page 124 - indexf
P. 124

нәтижесінде төмендейтін жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келу
кезеңі, үшінші фазаға жоғары жұмысқа қабілеттілік, төртіншіге
жұмыс қабілеттіліктің қалыпты (жұмыс алдыңғы) деңгейіне оралу
сәйкес келеді (33-сурет).

    Жұмыстан кейін қызметтердің қалпына келуінің жалпы
заңдылықтары келесілерден тұрады.

    Біріншіден, көптеген функциялық көрсеткіштердің қалпына
келу жылдамдығы мен ұзақтығы жұмыс қуаттылығымен тура
тәуелділікте болады: неғұрлым жұмыс қуаттылығы жоғары болған
сайын соғұрлым жұмыс кезінде көптеген өзгерістер жүреді және
(сәйкесінше) қалпына келу жылдамдығы жоғары болады. Бұл
неғұрлым жаттығудың шекті ұзақтығы қысқарақ болған сайын
соғұрлым қалпына келу кезеңі қысқа болатынын көрсетеді. Мәселен,
максималды анаэробтық жұмыстан соң көптеген қызметтердің
қалпына келу ұзақтығы бірнеше минутқа, ал ұзақ жұмыстан кейін
мысалы, марафондық жүгіруден кейін бірнеше күнге созылады.
Көптеген функциялық көрсеткіштердің бастапқы қалпына келу ба-
рысы өзінің сипаты бойынша бабына келу кезеңіндегі олардың
өзгерістерінің айнадағы бейнесі ретінде көрінеді.

Жұмысқа қабілеттіліктің қалыпты деңгейі  Жұмысқа          Жұмысқа          Жоғары жұмысқа  Қалыпты
                                         қабілеттіліктің  қабілеттіліктің  қабілеттілік    жұмысқа
                                         төмендеуі        қалпына келуі                    қабілеттілік

                                         Қажытатын                         Тынығу
                                         жұмыс

   33-сурет. Жұмысты тоқтатқанға дейінгі және қалпына келу кезеңінде
         жұмысқа қабілеттілік өзгерістерінің сызбанұсқалық көрінісі
                               (Г. В. Фольборт бойынша)

    Екіншіден, түрлі қызметтердің қалпына келуі түрлі
жылдамдықпен, ал қалпына келу үдерістерінің кейбір фазалары
әртүрлі бағыттылықпен өтеді, сондықтан олардың тыныштықтағы

                                      124

⇐ МАЗМҰНЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129