Page 125 - indexf
P. 125

деңгейге жетуі бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды болады.
Сондықтан тұтас қалпына келу үдерісінің аяқталуын бір және тіпті,
бірнеше көрсеткіштермен ғана шектеп көрсетпей, тек неғұрлым баяу
қалпына келетін көрсеткіштің бастапқы (жұмыс алдыңғы) деңгейге
оралуымен бағалау керек.

    Үшіншіден, қарқынды жұмыстан кейін қалпына келу кезеңі ба-
рысында организм қызметін анықтайтын көрсеткіштердің көпшілігі
мен жұмысқа қабілеттілік жұмыс алдыңғы деңгейге жетіп қана
қоймай, «қайта қалпына келу» фазасы арқылы өте отырып, одан
асып түсуі де мүмкін. Энергиялық субстраттар туралы сөз болғанда,
мұндай жұмыс алдыңғы деңгейден уақытша жоғарылау суперком-
пенсация деп аталады.

    Оттектік қарыздылық және организмнің энергиялық
қорларының қалпына келуі. Бұлшық ет жұмысы үдерісінде
организмнің оттектік қоры, фосфагендер (АТФ және КрФ),
көмірсулар (бұлшық ет және бауыр гликогені, қан глюкозасы) және
майлардың шығындалуы жүреді. Жұмыстан соң олардың қалпына
келуі орын алады. Тек майлар ғана қалпына келмеуі мүмкін.

    Жұмыстан кейін организмде жүретін қалпына келу үдерістерінің
энергиялық сипаты жұмыс алдыңғы күймен салыстырғанда оттегі
пайдаланудың жоғарылауымен – оттектік қарыздылықпен көрінеді.
А. Хилл теориясына сәйкес оттектік қарыздылық дегеніміз жұмыс
кезінде шығындалған энергия қорының қалпына келуімен және
сүт қышқылының жойылуымен жүретін жұмыс алдыңғы күйге
дейін қалпына келу үшін организмді энергиямен қамтамасыз ететін
тыныштықтағы жұмыс алдыңғы деңгейден асатын оттегіні артық
пайдалану. Жұмыстан кейін оттегі пайдалану жылдамдығы экс-
поненциалды төмендейді, яғни алғашқы 2-3 минутта өте жылдам
(жылдам немесе алактатты оттектік қарыздылық компоненті), содан
соң жұмыс алдыңғы деңгейге жуық тұрақты өлшемге (30-60 мин)
жеткенге дейін неғұрлым баяулау (баяу немесе лактатты оттектік
қарыздылық компоненті) болады.

    ОМП-дан 60%-ға дейін қуаттылықты жұмыстан кейін оттектік
қарыздылық оттегі тапшылығынан біршама асады. Неғұрлым
қарқынды жаттығудан кейін оттектік қарыздылық оттектік
тапшылықтан айтарлықтай жоғарылайды. Мұнда неғұрлым жұмыс
қуаттылығы жоғары болған сайын оттектік қарыздылық соғұрлым
көп болады (34-сурет).

           125

⇐ МАЗМҰНЫ
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130