Page 126 - indexf
P. 126

Оттектік қарыздылықтың жылдам (алактатты) компоненті
бастысы жұмыс атқарушы бұлшық еттердегі жұмыс кезінде
шығындалған жоғары энергиялық фосфагендерді жылдам қалпына
келтіруге оттегі қолданумен және сонымен қатар вена қанындағы
оттегінің қалыпты мөлшерін қалпына келтірумен және миоглобинді
оттегімен қанықтырумен байланысты.

   34-сурет. Әртүрлі салыстырмалы қуаттылықты жаттығулар кезіндегі
   оттектік қарыздылық пен оттектік тапшылық (Х. Кнуттген, Б. Салтин

                                          бойынша)

    Оттектік қарыздылықтың баяу (лактатты) компоненті
көптеген факторлармен байланысты. Ол жұмыстан кейінгі лактаттың
көп мөлшерде қан мен ұлпа сұйықтығынан жойылуымен байланыс-
ты. Бұл жағдайда оттегі қан лактатынан (ең бастысы бауырда және
бүйректің кейбір бөлімінде) гликоген ресинтезі мен жүрек пен қаңқа
бұлшық еттерінде лактаттың тотығуын қамтамасыз ететін тотығу
реакцияларына пайдаланылады. Бұдан басқа оттегі пайдаланудың
ұзақ жоғарылауы қалпына келу кезеңінде тыныс алу мен қан ай-
налу жүйесінің күшейтілген қызметін, күшейтілген зат алмасу-
ын және т.б. үдерістерін сақтап тұру қажеттілігімен байланысты.
Ол үдерістер, сонымен қатар қалпына келу кезеңі барысында баяу
төмендейтін жоғары дене температурасының, симпатикалық және

           126

⇐ МАЗМҰНЫ
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131