Page 127 - indexf
P. 127

ішкі секрециялық жүйелердің жоғары белсенділігінің ұзақ уақыт
сақтап тұрылуымен негізделген.

    Оттегі қорының қалпына келуі. Бұлшық еттерде оттегі мио-
глобинмен химиялық байланысқан түрде болады. Бұл қорлар өте
үлкен емес, мәселен, бұлшық ет массасының әр килограммында
11 мл-ге жуық О2 болады. Сәйкесінше, «бұлшық еттік» оттегінің
жалпы қоры спортшыларда 40 кг бұлшық ет массасына есептеген-
де 0,5 л-ден аспайды. Бұлшық ет жұмысы үдерісінде ол жылдам
шығындалып, ал жұмыстан кейін тез қалпына келуі мүмкін. Оттегі
қорының қалпына келу жылдамдығы тек оның бұлшық еттерге
жеткізілуімен байланысты.

    Жұмысты тоқтата салысымен бұлшық ет арқылы өтетін артерия
қанындағы оттегінің парциалдық кернеуі (мөлшері) жоғары болады,
сондықтан О2-миоглобиннің қалпына келуі бірнеше секундта жүруі
ықтимал. Шығындалған мұндағы оттегі және сонымен қатар вена
қанындағы оның қалыпты мөлшерін толтыруға апаратын оттегінің
(0,2 л-ге дейін) кішкене мөлшері оттектік қарыздылықтың жылдам
фракциясының біраз бөлігін құрайды.

    Сонымен, жұмысты тоқтатқаннан бірнеше секундтан соң-
ақ, бұлшық ет пен қандағы оттегі «қорлары» қалпына келеді.
Альвеолалық ауа мен артерия қанындағы оттегінің парциалдық
кернеуі тек жұмыс алдындағы деңгейге жетіп ғана қоймай, одан асып
та түседі. Жұмыстан кейінгі кезеңде оттегімен жеткілікті қамтамасыз
етілуін көрсететін жұмыс істейтін бұлшық еттер және басқа белсенді
дене мүшелері мен ұлпаларынан келетін вена қанындағы О2 мөлшері
де тез қалпына келеді. Сондықтан қалпына келу үдерістерін жыл-
дамдату үшін жұмыстан кейін таза оттегімен немесе оттегінің көп
мөлшері бар қоспалармен тыныс алуды қолданудың ешқандай
физиологиялық негізі жоқ.

    Фосфагендердің (АТФ және КрФ) қалпына келуі. Фосфаген-
дер, әсіресе АТФ өте жылдам қалпына келеді. Жұмысты тоқтатқан
соң 30 секунд ішінде-ақ шығындалған фосфагендер 70%-ға дейін
қалпына келеді, ал олардың толық толтырылуы аэробтық метабо-
лизм энергиясы есебінен, яғни оттегі қарыздылықтың жылдам фа-
засында тұтынылған оттегі арқасында бірнеше минутта аяқталады.
Шынында да, егер дереу жұмыстан кейін жұмыс атқарушы аяқ-
қолды бұрау (жгут) арқылы бұлшық еттерге қан арқылы оттегінің
баруын тежесе, онда КрФ қалпына келуі жүрмейді.

           127

⇐ МАЗМҰНЫ
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132