Page 128 - indexf
P. 128

Неғұрлым жұмыс кезінде фосфагендер шығыны көп болса,
соғұрлым олардың қалпына келуіне оттегі көбірек қажет болады.
Мәселен 1 моль АТФ-ты қалпына келтіру үшін 3,45 литр О2 ке-
рек. Оттегі қарыздылықтың жылдам (алактатты) фракциясының
мөлшері жұмыс соңында бұлшық еттерде фосфагендердің төмендеу
дәрежесімен тура байланысты. Сондықтан аталмыш мөлшер жұмыс
үдерісінде шығындалған фосфагендер санын көрсетеді.

    Жаттықпаған ер адамдарда оттегі қарыздылықтың жылдам
фракциясының максималды мөлшері 2-3 литрге жетеді. Әсіресе, бұл
көрсеткіштің жоғары мөлшері жылдамдықты-күштік спорт түрлері
өкілдерінде тіркелген. Мәселен, жоғары білікті спортшыларда 7 лит-
рге дейін болады. Бұл спорт түрлерінде бұлшық еттердегі фосфаген-
дер мөлшері және олардың шығындалу жылдамдығы жаттығудың
максималды және арақашықтық қуаттылығын анықтайды.

    Гликогеннің қалпына келуі. Басында Р. Маргарий және оның
әріптестерінің мәліметтері бойынша жұмыс кезінде шығындалған
гликоген сүт қышқылынан жұмыстан соң 1-2 сағат барысын-
да ресинтезделеді делінген. Қалпына келудің осы кезеңінде
шығындалған О2 оттегі қарыздылықтың екінші, баяу немесе лак-
татты фракциясын анықтайды. Дегенмен, қазіргі уақытта бұлшық
еттердегі гликогеннің қалпына келуі 2-3 күнге дейін созылатыны
анықталған. Гликогеннің қалпына келу жылдамдығы және бауыр
мен бұлшық еттегі қалпына келетін қорларының мөлшері екі негізгі
факторларға:

    1. Жұмыс үдерісінде гликогеннің шығындалу дәрежесіне;
    2. Қалпына келу кезеңіндегі ас рационы сипатына байланысты.
    Күнделікті қарқынды және ұзақ жаттықтыру сабақтары кезінде
жұмысшы бұлшық еттер мен бауырдағы гликоген мөлшері күннен
күнге айтарлықтай төмендейді. Сондықтан кәдімгі ас рационы
кезінде жаттықтыру арасындағы тәуліктік үзілістің өзі гликогеннің
толық қалпына келуіне жеткіліксіз. Спортшының ас рационын-
да көмірсулар мөлшерін арттыру келесі жаттықтыру сабағына
дейін организмнің көмірсу ресурстарының толық қалпына келуін
қамтамасыз етуі мүмкін.
    Сүт қышқылының жойылуы. Қалпына келу кезеңінде
жұмысшы бұлшық ет, қан және ұлпа сұйықтығынан сүт
қышқылының жойылуы неғұрлым жұмыс кезінде сүт қышқылы аз
түзілсе, соғұрлым жылдамырақ жүреді. Жұмыстан кейінгі режим

           128

⇐ МАЗМҰНЫ
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133