Page 129 - indexf
P. 129

де маңызды рөл атқарады. Мәселен, максималды жүктемеден кейін
жинақталған сүт қышқылын толық жою үшін толық тыныштық
күйінде, яғни отырғанда немесе жатқанда (пассивті қалпына келу)
60-90 минут қажет. Бірақ егер мұндай жүктемеден кейін жеңіл
жұмыс (активті қалпына келу) орындалса, онда сүт қышқылының
жойылуы айтарлықтай жылдамырақ жүреді. Жаттықпаған адам-
дарда «қалпына келтіруші» жүктеменің оптималды қарқындылығы
шамамен, ОМП-дан 30-45% (мысалы, жортақтап жүгіру), ал жақсы
жаттыққан спортшыларда ОМП-дан 50-60%, жалпы ұзақтық ша-
мамен, 20 минут болады. Сүт қышқылының жойылуының негізгі 4
жолы бар:

    1.	СО2 және Н2О дейін тотығу. Осы жолмен барлық жиналған сүт
қышқылының 70%-ы жойылады.

    2.	Бұлшық ет пен бауырда гликогенге және бауырда глюкозаға
айналу арқылы сүт қышқылының 20%-ға жуығы жойылады.

    3.	Белокқа айналу жолымен барлық жиналған сүт қышқылының
10%-дан азы жойылады.

    4.	Зәрмен, термен бөліну арқылы барлық жиналған сүт
қышқылының 1-2 %-ы жойылады.

    Активті (белсенді) қалпына келу кезеңінде аэробты жол-
мен жойылған сүт қышқылының үлесі артады. Дегенмен, сүт
қышқылының тотығуы әр алуан мүшелер мен ұлпаларда (қаңқа
бұлшық еті, жүрек бұлшық еті, бауыр, бүйрек және т.б.) жүруі
мүмкін болса да, оның көпшілік бөлімі қаңқа бұлшық еттерінде,
әсіресе, олардың баяу талшықтарында тотығады. Бұл неліктен ауыр
жүктемеден кейін орындалған жеңіл жұмыстың (бұған негізінен
баяу бұлшық ет талшықтары қатысады) лактаттың неғұрлым тез
жойылуына әкелетіндігін түсіндіреді.

    Оттегі қарыздылықтың баяу (лактатты) фракциясының
айтарлықтай бөлімі сүт қышқылының жойылуымен байланысты.
Неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым бұл фракция
жоғары келеді. Жаттықпаған адамдарда ол максималды 5-10 литр-
ге жетеді, ал спортшыларда, әсіресе, жылдамдықты-күштік спорт
түрлері өкілдерінде 15-20 литр болады. Оның ұзақтығы 1 сағатқа
жуық. Оттегі қарыздылықтың лактатты фракциясының мөлшері мен
ұзақтығы активті қалпына келу кезінде төмендейді.

    Активті (белсенді) тынығу. Жұмыстан кейін бұрынғы күйге
жетудің маңызды әдісі – активті тынығу. Активті тынығу феноменін,

           129

⇐ МАЗМҰНЫ
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134