Page 130 - indexf
P. 130

яғни активті әрекеттен демалыс кезінде жұмыс қабілеттілігінің
жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын.

    Қалпына келу үдерістерінің сипаты және ұзақтығы жұмыстан
кейін қалпына келу кезеңінде спортшы әрекетінің режимімен бай-
ланысты өзгеруі мүмкін. И. М. Сеченовтың тәжірибелері бойын-
ша, қажыған бұлшық еттердің жұмыстан кейін бұрынғы қалпына
келуі толық тыныштық сақтағаннан гөрі, басқа бұлшық еттерді
жұмысқа қосқан кезде тезірек жүреді. Ол бұлшық еттердің өзара ал-
масып, нәтижелі жұмыс істеу сапасын көтереді. Қол эргографында
жұмыстан қажыған қолдың жұмыс қабілеттілігі тынығу кезеңінде
басқа қол жұмысымен айналысқанда тезірек және толығырақ
қалпына келетінін байқаған. Бұл феноменді И. М. Сеченов талдай
отырып, тынығу кезінде басқа жұмыс атқарушы бұлшық еттерден
түсетін афферентті импульстер оларды энергиямен зарядтай оты-
рып, жүйке орталықтарының жұмыс қабілеттілігінің жақсы қалпына
келуіне себепші болатындығын жорамалдады. «Энергиямен заряд-
талуды» қажыған жүйке жасушаларының жұмыс қабілеттілігі мен
белсенділігінің жоғарылауына әкелетін торлы құрылымның үлкен
ми сыңарлары қыртысының қозғалыс орталықтарына арнайы
емес ықпалы ретінде қарастырған жөн. Активті тынығу феномені
жүйке орталықтары арасындағы индукциялы қатынаспен де
түсіндірілуі мүмкін. И. П. Павлов теріс индукцияны қажыған жүйке
орталықтарын «энергиямен зарядтауды» жүзеге асыратын потенци-
алды резерв ретінде көрді.

    Сонымен қатар бір қолдың жұмысы басқа қол тамырындағы
қан айналымының артуын тудыра отырып, қажыған бұлшық
еттердің жұмыс қабілеттілігінің неғұрлым жылдам қалпына келуіне
мүмкіндік береді.

    Тынығудың мәні орындалатын жұмыстың сипатына байланыс-
ты. Жалпы алғанда, пассивті (селқос) тынығу тиімсіз келеді, өйткені
одан кейін іске қосылу баяулайды және қиындайды. Бұл кезеңде
бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігі төмендегенмен, олардың өте
жоғары электрлік белсенділігі байқалады. Сонымен қатар пассивті
тынығудан кейін ол баяу қалпына келеді.

    Сондықтан пассивті тынығу ауыр және қолайсыз өндіріс
жағдайларында істелетін жұмыстан кейін орынды. Тынығу кезінде
шаршаған бұлшық еттерге демалыс беру үшін, дене қалпын өзгертіп
отыру керек. Ал ой еңбегінен кейінгі тынығу кезінде, керісінше,

           130

⇐ МАЗМҰНЫ
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135