Page 131 - indexf
P. 131

дене жүктемелері қосылуға тиіс. Мұндай жағдайда жұмысқа
кіріскен бұлшық еттердің рецепторлары жүйке орталығына им-
пульстер жіберіп, оларды қоздырады. Ал қозу толқыны жайылған
ми қыртысының аймақтары индукция заңына сәйкес теже-
лу үдерістерін жаңғыртады, сөйтіп қайта қалыптасу жақсарады,
олардың қозғыштық қасиеті артады.

    Тынығуды белсендіру іс-әрекет түрлерін өзгерту мен өндірістік
гимнастика арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмысқа қабілеттілікті
жоғары деңгейде сақтау мен денсаулықты нығайту үшін үнемі
дұрыс қолданылатын өндірістік гимнастика көп пайдалы болады.
Ол әсіресе, аз қимылдайтын жұмыстарда, ақыл-ой еңбектерінде өте
тиімді.

    Ал жүйкеге тиетін және зор зейінді талап ететін жұмыстарда,
саусақтың жоғары ырғақты, дәлме-дәл, ұсақ қимылдарында,
бірсарынды істерде жиі және қысқа (5-10 мин) үзілістер енгізілу ке-
рек. Өте қатты қажытатын жұмыстарда үзілістер жиі және ұзаққа
созылуы тиіс. Жұмыстың статикалық түрлерін динамикалық
түрлеріне, қол еңбегін ой еңбегіне алмастырып отыру қажет. Жұмыс
қабілеттілікті көтеру үшін қолайлы гигиеналық, эргономикалық
және психологиялық жағдайлар толық жасалуы керек. Бұл шаралар
организмнің апталық немесе тәуліктік физиологиялық ырғақтарына
сәйкес ұйымдастырылуға тиіс. Активті тынығудың оң әсері тек
жұмысқа басқа бұлшық ет топтарының қайта қосылуы кезінде
ғана емес, сол жұмыстың өзін азырақ қарқындылықпен орындау
кезінде де көрінеді. Мысалы, жоғары жылдамдықпен жүгіруден
жортақтап жүгіруге ауысса, неғұрлым тезірек қалпына келу үшін
тиімді болады. Пассивті тынығу кезіне қарағанда, активті тынығу
кезінде, яғни төмен қуаттылықты жұмыс жағдайында сүт қышқылы
қаннан тезірек жойылады. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда
жұмыс соңында немесе жарыстан кейін орындалатын жоғары емес
қуаттылықты аяқтау жұмысының оң әсері активті тынығу феномені
көрінісі болып табылады. Активті тынығу спорт практикасында
бұлшық ет жұмысының бір түрінің басқаға, қарқынды жүктеменің
аз қарқынды жүктемеге ауысуы ретінде қолданады. Активті тынығу
ретінде оптималды қарқынды жаттығулар ұсынылуы мүмкін. Деген-
мен, ұзақ бірсарынды (монотонды) жұмыстардан қажу кезінде қысқа
мерзімдік қысқа жаттығулар неғұрлым тиімдірек болады. Спорт-
шылар жаттығулар арасында активті үзілістермен қатар пассивті

           131

⇐ МАЗМҰНЫ
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136