Page 132 - indexf
P. 132

тынығу да қолданады. Жарыстың үзіліс кездерінде кейбір спортшы-
лар аутогендік жаттығу және қысқа мерзімдік ұйқыны қолдана оты-
рып толығымен қалпына келуге үлгереді. Активті тынығу әдістерін
қолдану бойынша тәжірибелік ұсыныстар беруде спортшылар-
да активті және пассивті тынығу түрлерін кезектестіре отырып,
қалпына келу үдерістері өтуінің жеке-дара ерекшеліктерін ескеру
қажет.

    Қазіргі кезде спорт және еңбек физиологиясында адамның
әртүрлі функциялық күйін және сырқатқа шалдығуын болжау өте
маңызды орын алады. Әсіресе, бұл организм мен қоршаған ортаның
арақатынасы өзгергенде, төтенше факторлар әсер еткенде, еңбек
және жаттықтыру жүктемелерінен кейінгі қажу пайда болғанда
қолданылады.

    Организмнің әртүрлі функциялық күйі вегетативтік
(энергиялық), соматикалық немесе бұлшық ет (орындаушы) және
психофизиологиялық (меңгеруші) жүйелер арқылы анықталады
(П. К. Анохин, В. И. Медведев).

    Қызметтердің энергиялық деңгейін ішкі мүшелердің (жүрек-
тамыр, тыныс, эндокриндік, қан жүйесі, т.б.) қызметі арқылы
бағалайды. Оның орындаушы деңгейін рефлексометрия әдісімен
бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің психомоторлық
көрсеткіштері арқылы бағалайды. Ал қызметтердің меңгеруші
(психофизиологиялық) деңгейін ойлау, зейін, зерде ерекшеліктері
көрсеткіштері арқылы тексереді. Осы комплексті әдістерді
қолданып, адамның іс-әрекетіне, спортпен айналысуға мүмкіндігін
және қабілетін болжауға болады.

   Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің биологиялық
                                   факторлары

    Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің биологиялық фактор-
лары (көмірсуларға бай, дәруменделген тағам, кейбір биологиялық
активті заттар) организмнің энергиялық балансын жақсартатыны
сөзсіз. Н. Р. Чаговец биологиялық активті заттар қатарына трикар-
бон қышқылдары цикліндегі метаболизм өнімдерін, соның ішінде
жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге тиімді әсер ететін янтарь
қышқылын жатқызады. Аспарагин және глутамин қышқылдары
қалпына келу үдерістерін жылдамдатады.

                                      132

⇐ МАЗМҰНЫ
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137