Page 133 - indexf
P. 133

Дене жұмыс қабілеттілігінің биологиялық стимуляторлары
организмнің энергиялық балансын жақсартады. Мәселен, қалпына
келу кезеңінде белокты артық қабылдау немесе оның синтезінің
жылдамдауы кезінде спорттық жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды.
Бұған белок алмасуы күшейтілуімен стимулданған жылдамдатылған
пластикалық үдерістер ықпал етеді.

    Бұлшық ет әрекеті кезінде қуатты энергиялық көз глюкоза болып
табылады. Сонымен қатар оны артық пайдалану физиологиялық
қалыпқа (нормаға) жатпайтын өзгерістер кешенін тудырады. Глюко-
заны қабылдау қанның тұтқырлығы мен қан айналымдағы мөлшерін
арттырады. Глюкоза электролиттік тепе-теңдікті өзгерте оты-
рып, гипокалиемияны тудырады және осылайша кардиопатиялық
құбылыстардың дамуына әкеледі. Стероидтық гормондар тепе-
теңдігі бұзылады. Жүрек қызметінің электрокардиографиялық кар-
тинасында жүрекке күш түскен кездегі ошақтық өзгерістерге тән
өзгерістер байқалады.

    Қалпына келтірудің типтік биологиялық факторы пангам
қышқылы (В15 дәрумені) болып табылады. Бұл стимуляторды
қабылдау липидтер метаболизмін күшейтеді. Пангам қышқылы
ұлпалардағы КрФ деңгейін жоғарылата және перифериялық
ұлпалардағы қалпына келу үдерістерін жылдамдата отырып,
жылдамдық төзімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

    ОЖЖ арқылы жүзеге асатын анаболикалық әсерге элеутерококк
ие. Ол КрФ пен гликоген шығынын төмендетеді, бұлшық еттердегі
фосфолипидтер мөлшерін арттырады, сонымен бірге көмірсу алма-
суынан көмірсу емес энергия көзіне қосылуына мүмкіндік туғызады.
Бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің стимуляторы рөлін және
энергияның қосымша көзін бұлшық ет-аденил препараты атқарады.

    Массаждың әр түрін (уқалау, ысқылау, вибромассаж), гидропро-
цедуралар (душ, шомылу, сауна) қолдану қалпына келу үдерістерін
жылдамдатады. Олар психотерапиямен, гидроэлектролиттік
теңгерілумен қатар жүру керек. Жүрек қызметін қалпына келтіру
үшін оттектік терапия, сонымен қатар С және В дәрумендер тобын
қабылдау пайдалы.

    Дәрігердің нұсқауынсыз, өз еркімен дәрумендерді көп қабылдау
зат алмасу үдерістерінің бұзылуларына әкелуі мүмкін. Мәселен,
дәрумендерді артық қабылдаудан организмде субстраттық фермент-
тер өндіріледі. Олар дәрумендердің артық мөлшерін катализдеп,
гиповитаминозға әкеледі.

                                      133

⇐ МАЗМҰНЫ
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138