Page 134 - indexf
P. 134

VІ тарау
Қимыл дағдыларын қалыптастырудың

       физиологиялық механизмдері

    Спортшылардың техникалық шеберліктерінің негізі жаттығу
үдерісінде қалыптасып, спорттық нәтижеге айтарлықтай ықпал
ететін қимыл дағдылары болып табылады. Осы қимыл дағдысы
есебінен спорттық техника тиімділігі циклдік спорт түрлерінде
10-25%-ға, ал ациклдік спорт түрлерінде одан да көп пайызға
жоғарылайды деп саналады.

    Түрлі қозғалыс әрекеттері туа пайда болумен қатар тіршілік ба-
рысында арнайы үйрену нәтижесінде жүре қалыптасады. Орталық
жүйке жүйесінің осы қимыл-қозғалыстарды басқарудағы және жұ-
мыс кезіндегі физиологиялық өзгерістердің дамуындағы реттеушілік
маңызы өте зор. Бұл спорттық динамикалық қозғалыстарды орын-
дау мен дененің белгілі бір қалпын сақтаудың тек бір ғана емес,
бірнеше тіпті, ондаған түрлі бұлшық еттердің қатысуымен қатар
жүретіндігімен байланысты. Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
құрамы және ондағы жиырылатын қимыл бірліктері (моторлық
бірліктер) саны үздіксіз өзгерісте болады (7-тараудағы 38-,
39-суреттерді қараңыз). Бұл тек бір қозғалыс әрекетінен келесіге
өту кезінде ғана емес, сонымен қатар сол бір фазаның өзінде де
орын алады. Сол сияқты қозғалыс кезіндегі бұлшық ет құрамы
секілді жұмысқа қатысқан қимыл бірліктерінің саны да қозғалыс
жылдамдығына, күш дәрежесіне, қажуға және т.б. факторларға
сәйкес құбылып отырады.

    Адам баласы туа пайда болған саны мен күрделілігі бойын-
ша шектеулі қозғалыс әрекеттері қорымен (ему, жұту, кірпік қағу,
әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде аяқ-қол бұлшық еттерінің
бүгілуі мен жазылуы, т.б.) дүниеге келеді. Осылармен қатар
үйрету арқылы өзгермелі тіршілік жағдайларына барабар қозғалыс
актілерінің жаңа түрлерін меңгеру қабілетіне, яғни жаттықтырудың
жоғары дәрежесіне жетуді қамтамасыз ететін маңызды қасиеттердің
бірі жүйке жүйесінің серпімділігі де тұқым қуалау арқылы беріледі.
Бұл қасиет спорттық жаттығулар техникасын жетілдіруде зор
мүмкіндіктер тудырады.

           134

⇐ МАЗМҰНЫ
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139