Page 135 - indexf
P. 135

Жаттықтырылу дәрежесі тұқым қуалау арқылы беріле оты-
рып әртүрлі тұлғаларда түрліше көрініс береді. Және де бір
адамның өзінде түрлі әрекеттерге қатысты үнемі түрленіп отырады.
Сондықтан спорттық іріктеу кезінде морфологиялық ерекшеліктер
мен вегетативтік қызмет күйімен қатар сол немесе басқа дене
жаттығулары түрлеріне тән белгілі қозғалыс үйлесімділігі жағынан
арнайы жаттықтырылу дәрежесін ескеру қажет.

    Баланың әрекетті орындауы кейде сәтті немесе сәтсіз аяқталып
жататын көптеген ретсіз, жүйесіз қозғалыстарынан бастап, белгілі
бір мақсатқа бағытталған қозғалыс әрекеттері біртіндеп қалыптаса
бастайды. Бала әрекеті нығаюының оның дамуының неғұрлым
кешірек кезеңдерінде де, әсіресе, жаңа қозғалыстарды үйрету бары-
сында маңызы бар.

    Әртүрлі жас кезеңдерінде жаттықтырылу дәрежесі біркелкі
көрінбейді. Кейбір жас кезеңдерінде жаттықтырылу дәрежесінің
жоғары болуына орай қозғалыс әрекеттерін үйрету де ерекше та-
бысты өтеді. Бұл кезеңдер ақыл-ой және бұлшық ет әрекеттерінің
әртүрлерінде түрліше болады. Мысалы, шетел сөздерін дұрыс айту-
мен байланысты қозғалыс үйлесімділігі балалық шақта жеңіл әрі тез
меңгеріледі.

    Жаңа күрделі спорттық қозғалыстар да адамның өмірінің белгілі
бір кезеңдерінде меңгеріледі. Сондықтан болашақ жаттықтырушыға
қозғалыс техникасын үйретудің тиімді жақтарын қарастыру бары-
сында дене жаттығуларының сол түріндегі жаттықтыру дәрежесі
неғұрлым жоғары болатын жас кезеңдерін айқындап алудың маңызы
зор. Спорт практикасынан коньки, гимнастика, суға секіру және т.б.
дене жаттығуларындағы күрделі қозғалыс әрекеттерін үйретудің
балалық шақта айтарлықтай тиімді өтетіндігі белгілі.

Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері

    Балада үйретудің ерте кезеңдерінде қалыптасатын ерікті
қозғалыстардың барлығы шартты рефлекстік қызметтің жал-
пы заңдылықтарына бағынады. Жасқа сай даму мен сананың
қалыптасуы барысында бұл заңдылықтар жаңа сапалы мазмұнға ие
болады. Қозғалысты саналы ерікті бақылай білу үйретудің табысты
болуының басты қағидасы болып табылады.

           135

⇐ МАЗМҰНЫ
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140