Page 136 - indexf
P. 136

Қимыл дағдысының сезгіш (сенсорлық) және орындаушы
(оперантты) бөлімдері. Жаттықтырылу дәрежесінің физиологиялық
механизмі шартты рефлекстік жолдар арқылы пайда болған бай-
ланыс болып табылады. Шартты рефлекстің физиологиялық негізі
уақытша байланыстың тұйықталу қасиеті болып табылады. Шарт-
ты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы жүйке
орталықтарының арасындағы уақытша жүйкелік байланыс дегені-
міз – шартты және шартсыз тітіркендірулерді ұштастырғанда пай-
да болатын, әртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі қарым-
қатынасын қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық,
биохимиялық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Ерікті
қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И. М. Сеченов ашып
көрсеткен болатын. Кейін И. П. Павлов шәкірттерімен шартты
рефлекстік байланыс механизмдері бойынша қозғалыс әрекеттерінің
жаңа түрлерінің түзілуінің негізгі заңдылықтарын ұсынған.
Ғалымның пікіріне сүйенсек, уақытша жүйкелік байланыс ми
қыртысының шартты және шартсыз тітіркендірілуін қабылдайтын
орталықтарының арасында «соқпақ» жолдар пайда болуы салдары-
нан қалыптасады.

    Сезгіш шартты рефлекстерде афферентті сигналдарға жауап
беру (мысалы, сілекей бөліну, тітіркендіргіштер әсер етуінен қолды
тартып алу) шартсыз рефлекстік немесе ертерек жүре пайда болған
шартты реакция болып табылады. Олардағы жауап организмдегі
бұрынғы болған реакция ретінде қолданылса, тек сигнал, яғни
сезгіш бөлім жаңа шартты рефлексті қасиетке ие.

    Бірақ қимыл дағдылары туралы сөз болғанда оперантты неме-
се мануалды, уақытша байланыстың түзілуі қатар айтылады. Бұл
байланыстар қозғалыстың жаңа түрімен немесе сол организмде
осы уақытқа дейін болмаған жаңа күрделі қозғалыс актісінің белгілі
элементтерінен комбинация түзілуімен сипатталады. Демек, бұл
жағдайда уақытша байланыстар тек афферентті (сезгіш) ғана емес,
сонымен қатар эфферентті, яғни қозғалыс реакцияларының орында-
ушы буындарына да қатысты.

    Адамның қимыл дағдылары оларда уақытша байланыстың екі
түрінің де бір мезгілде сәйкес келуімен сипатталады. Бір жағынан,
бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы спортшы үшін
талғаусыз (индифферентті) тітіркендіргіш пен келесі әрекет (уақытша
байланыстың сезгіш бөлімдері) арасында байланыс қалыптасса,
екінші жағынан, тек қозғалыс ғана емес вегетативтік қызмет сипаты-

                                      136

⇐ МАЗМҰНЫ
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141