Page 137 - indexf
P. 137

на да сәйкес жаңа жауап қимыл реакциялары (уақытша байланыстың
оперантты бөлімдері) пайда болады.

    Адамда спорттық және т.б. қимыл дағдыларының түзілуі бары-
сында тек бірінші ғана емес, екінші сигналдық жүйенің де әсер етуі
арқылы қалыптасатын жоғары қатардағы уақытша байланыстың
маңызы өте зор.

    Қимыл дағдысының қалыптасуы әсіресе циклдік ұзақ жаттығулар
кезінде қозғалыстың вегетативтік мүшелер қызметімен неғұрлым
тиімді қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін уақытша байланыстың
түзілуіне әкеледі (жаттығулардың жіктелуі 3-тарауда толық баянда-
лады).

    Қимыл дағдысының моторлық және вегетативтік бөлімдерінің
бір мезгілде қалыптаспауының өзіндік маңызы бар. Салыстырмалы
қарапайым қозғалыс дағдыларында (мысалы, жүгіруде, шаңғы тебу-
де) моторлық (қимыл) бөлімдері, ал күрделі қозғалысты дағдыларда
(мысалы, гимнастикада, күресте, спорт ойындарында) вегетативтік
бөлім ертерек қалыптасады.

    М. Е. Маршак пікіріне сүйенсек, дағдының қалыптасуынан кейін
вегетативті бөлімдер қимыл бөлімдеріне қарағанда неғұрлым инертті
болып келеді. Мысалы, үйреншікті әрекет түрінің өзгерісі кезінде,
яғни үздіксіз жұмыстан үзілісті қарқынды жұмысқа ауысса қимыл
қызметтері жылдам, кейбір жағдайларда сол сәтте-ақ өзгереді, ал
вегетативті мүшелер ұзақ уақыт бұрын қалыптасқан қозғалыс сипа-
тына сәйкес қызмет етеді.

    Күрделі қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген
үйлесімділіктің (координацияның) маңызы. Күрделі
қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген үйлесімділіктің
маңызы зор. Спорттық қозғалыстар техникасын үйрету кезінде
қимыл дағдыларының қалыптасуы әрқашанда организмнің ерте
өндірілген үйлесімділігі базасы негізінде жүреді. Мысалы, баланың
қаз тұруы бұрынғы отыру дағдысы негізінде, жүру дағдысы қаз тұру
дағдысы негізінде қалыптасады. Түрлі спорттық жаттығулар кезінде,
мысалы, гимнастика, коньки тебуде дене жаттығуларының көпшілік
бөлімдері толығымен жаңа болып табылмайды, яғни оларда бұрын
қалыптасқан дағдылардың элементтері бар.

    Егер компоненттері айтарлықтай жаңа болатын күрделі
қимыл техникасын меңгеру қажет болса, онда көбінесе, даярлық
жаттығулары және неғұрлым қарапайым үйлесімділікте қалыптасқан

           137

⇐ МАЗМҰНЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142