Page 138 - indexf
P. 138

уақытша байланыстар базасы негізінде қимылды орындау техника-
сын біртіндеп күрделендіре отырып, элементтер бойынша үйрету
қолданылады.

    Бұрын берік қалыптасқан дағдылар қимыл актісі өзінің сипа-
ты бойынша жаңа дағдылардың түзілуіне ықпал ете отыруымен
қатар кейбір жағдайларда, әсіресе, егер жаңа қозғалыс құрылымы
ескі дағдының қайта жасалуымен байланысты болса, олардың
қалыптасуына кедергі келтіруі де мүмкін. Сондықтан спорттық
жаттығуларды үйрету барысында дұрыс қозғалыс дағдысын
қалыптастырудың маңызы зор. Себебі толық қанды емес берік
бекітілген қозғалыс әрекеттерін қайта жасау ұзақ уақытты және көп
тер төгуді қажет етеді.

Динамикалық стереотип және экстраполяция қимыл
          дағдысының физиологиялық негіздері

    Қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байланыс-
ты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі.
Ациклдік жаттығуларда жеке фазалар белгілі тәртіпте бірізділікпен
бір-бірін алмастырып отырады. Циклдік жаттығулардың да әр
циклінде фазалардың қайта-қайта бірнеше рет қайталануымен
жүретін белгілі бір заңдылықты байланыс болады (толығымен 3-та-
рауда баяндалған).

    Қимыл дағдыларының қалыптасуы барысында қозғалыстың
жеке фазалары өзіне тән реакциялар тізбегін түзіп, динамикалық
стереотип (лат. динамика – қозғалыстың, әрекеттің көптігі; грек. сте-
рео – қатты, типос – таңдау, із) қалыптасады. Сыртқы ортадан ор-
ганизмге жүйелі және дәлме-дәл бірізділікпен белгілі бір мерзімде
әсер ететін тітіркендіргіштердің әрқайсысы ми қыртысындағы тиісті
қозу мен тежелу үдерістері арқылы организмнің белгілі бір реак-
циясын туғызады. Сондықтан сыртқы стереотипті (таптаурынды)
тітіркенуге сәйкес, мида осы сияқты функциялық қатынастардың
бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тәртіппен бірнеше рет
қайталанған жағдайда біртұтас біріккен рефлекстер жүйесіне ай-
налады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі
бірізділікпен қалыптасуы динамикалық стереотип деп аталады.

    Дене жаттығуларында динамикалық стереотип қозғалыс

           138

⇐ МАЗМҰНЫ
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143