Page 139 - indexf
P. 139

фазаларының жүзеге асырылуының тек бірізділігіне қатысты екенін
атап өткен жөн. Мәселен, жүгіру, жаяу жүру, жүзу және т.б. бары-
сында бұл фазалардың бірізділіктері ғана бәрінде бірдей бола-
ды, ал олардың арасындағы уақыт қатынастары, қадам жиілігі мен
ұзындығы үнемі түрленіп отырады. Қозғалыстың ішкі құрылымы,
яғни қозғалыс әрекетіне қатысатын бұлшық еттің құрамы және
сол бұлшық еттегі қимыл бірлігінің жиырылу саны ұдайы өзгеруі
мүмкін.

    Динамикалық стереотип сыртқы құрылымдық фазалардың
бірізділігі белгілі стандарт бойынша өтетін дағдыларға (циклдік
жаттығуларға) тән болып табылады. Сонымен қатар жиі өзгерістердің
болуына орай жаңа қозғалыстардың қайталануын қажет ететін
басқа да дағдылар (ациклдік жаттығулар) кездеседі. Мұндай тек-
тес дағдыларға жекпе-жек түрлері бокс, семсерлесу, күрес пен
спорттық ойындар футбол, хоккей, баскетбол және т.б. жатады.
Оларда қозғалыс фазаларының алмасуы тұрақты біртұтас жүйе
ретінде болатын динамикалық стереотип түзілмейді. Тұрақтылық
күрделі қозғалыс комбинацияларынан көрінбей, тек жеке құрам
элементтерінен (мысалы, баскетболда айып добын лақтыру кезінде)
көрінеді.

    Адамның қимыл – әрекеті көп түрлілігімен сипатталады.
Жаңа құрылымдық моторлық актінің көп бөлігі ОЖЖ жоғары
серпімділігінің арқасында экстраполяция жолымен жүзеге асыры-
лады. Ол дағдылардың тасымалдануын қамтамасыз етеді және «сол
орыннан» жаңа қозғалыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.

    Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің бұрын болған
тәжірибе негізінде келесі туындаған қозғалыс міндеттерін барабар
шешу қабілеті болып табылады. Меңгерілген қозғалыс қорларының
артуы адамның бұрын шешілген міндеттерге ұқсас жаңа қимыл
міндеттерін арнайы үйретусіз дұрыс шешу мүмкіндігінің
айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді.

    Экстраполяция түрлері сан алуан. Олар тек жаңа қозғалыстар
ғана емес, сонымен қатар үйреншікті қозғалыс әрекетін орындау
кезінде де (мысалы, жаяу жүріс кезінде) кең қолданылады.

    Экстраполяцияның қозғалыс әрекеті сыртқы сипатының
айтарлықтай вариацияларымен қатар жүретін қимылдарды орындау
барысында маңызы орасан зор. Мысалы, футболшы допты аяғының
ұшымен де, түрлі қырларымен де, өкшемен де, әртүрлі күшпен және

           139

⇐ МАЗМҰНЫ
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144