Page 140 - indexf
P. 140

әртүрлі бастапқы жағдайда тұрып тебе алады. Осындай әр алуан
қозғалыс міндеттері тәсілдердің салыстырмалы шектеулі санын
үйретуден соң экстраполяция арқасында шешіледі.

    Қимыл актілерін меңгерудегі адамның экстраполяция қабілеті
біраз дәрежеде ғана тұқым қуалайтын ақпарат негізінде пайда
болған. Бұл ретте уақытша байланыстың қалыптасуының маңызы
зор. Қозғалыс әрекетін біркелкі орындау кезінде экстраполяция
мүмкіндігі төмендесе, ал әркелкі орындау барысында бұл мүмкіндік
кеңейеді. Сондықтан тек спорттық ойындар мен жекпе-жектерде ғана
емес, циклдік қозғалыстар кезінде де жаттықтыру (жылдамдығы,
ұзақтығы, салмақтары бойынша) түрліше өткізілуі қажет.

    Экстраполяция диапазоны үнемі біршама шектелген. Мәселен,
футболист меңгерген дағдылар экстраполяция жолымен күрескер
немесе боксшылардың (және керісінше) тәсілдерін орындау үшін
қолданылмайды. Сондықтан экстраполяцияны даярлық жаттығулары
кешендерін таңдауда ескеру керек. Бұл кешен негізгі жаттығуларды
меңгеруге жағымды ықпал ететін жаттығуларды қамту қажет. Егер
бірнеше көмекші жаттығулар экстраполяция механизмі бойынша
бірдей нәтиже берсе, онда олардың санын кеміткен жөн. Даярлық
жаттығуларын таңдауда экстраполяция механизмі бойынша қозғалыс
әрекеттерін қамтамасыз ететін вегетативтік қызметтің (қан айналу,
тыныс алу, т.б.) дамуына ықпал ететін әсерлерді әрқашан ескеру
қажет.

    Қимыл дағдысының қалыптасу кезеңдері. Н. В. Зимкин
бойынша қимыл дағдысының қалыптасуы келесідей көп сатылы
үдерістерден тұрады.

    1-кезеңде артық бұлшық еттерді жұмысқа тарту және жауап реак-
цияларын генерализациялаумен (жалпыламалаумен) қатар жүретін
жүйке үдерістерінің иррадиациясы немесе таратылуы байқалады.
Бұл кезеңде бөлек жеке әрекеттердің тұтас акт түзуі басталады.

    2-кезеңде жүйке үдерістерінің концентрациясы немесе
жинақталуы, координацияның (үйлесімділіктің) артуы, артық
бұлшық ет ширығуын жою және стереотипті қозғалыстардың
қалыптасуының неғұрлым жоғары дәрежесі байқалады.

    3-кезеңде дағды тұрақтанады және одан әрі қозғалыс координа-
циясы мен автоматизациясы (дағдылы әрекеттенуі) жетіле түседі.

    Кейбір жағдайларда бұл кезеңдердің бірінің болмауы мүмкін. Бұл
бұлшық ет жұмысының күрделілік және қуаттылық дәрежесімен,

           140

⇐ МАЗМҰНЫ
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145