Page 141 - indexf
P. 141

қозғалыс аппаратының бастапқы күйімен, спортшының
біліктілігімен, т.б. көптеген факторлармен байланысты. Жоғарыда
айтылғандай, жаңа күрделі қозғалыстар пайда болған координа-
ция фонында қалыптасады. Сол себепті мысалы, гимнастикалық
жаттығуларды үйрету жаңадан бастаған, біліктілігі орташа
дәрежедегі спортшылар мен спорт шеберлерінде түрліше өтеді.
Біліктілігі жоғары дәрежелі спортшыларда жаттығуларды үйрету
бұрын жүре пайда болған дағдылар мен экстраполяция қабілетінің
арқасында бірінші, тіпті, екінші кезеңдерсіз де өтуі мүмкін.

 Ерікті қозғалыстардың қалыптасуындағы шартсыз тонустық
                            рефлекстердің маңызы

    Туа пайда болған қозғалыс рефлекстері қалыпты дене қалпын,
кеңістікте тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Тонустық
рефлекстер статикалық (қозғалыссыз) және статокинетикалық
(қозғалыс-қимылдық) деп екіге бөлінеді.

    Туа пайда болған статикалық рефлекстерге дененің белгілі
қалпын сақтау және нұсқаушы немесе қалпына келтіруші рефлекс-
тер жатады. Кеңістікте белгілі дене қалпын сақтайтын рефлекске
егер дене қалпын түрлі жағдайларға байланысты өзгертсе, оны қайта
орнына келтіретін мойын-тонустық және лабиринт рефлекстері жа-
тады. Вестибулярлық (тепе-теңдік) аппараты бұзылса, бұл реф-
лекстер жойылады. Бірақ қызметі жойылған рецепторлардың ор-
нын көру рецепторлары басып, тонустық рефлекстерді сақтауы
мүмкін. Вестибулярлық рецепторы бұзылған адамдар көзін жұмса,
кеңістікте тепе-теңдігін сақтай алмайды. Бұл тәжірибеден тонустық
рефлекстердің тууына көру рецепторларының да қатысы барын көр-
сетеді. Басты бұру кезінде вестибулярлық аппарат рецепторларында
қозудың туындауы салдарынан бұрылған жақтағы мойын бұлшық
еттерінің тонусының рефлексті жоғарылауына әкеліп, нәтижесінде
бас бөліміне қатысты тұлғаның қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Бұл айналдыру қозғалыстарымен байланысты (балға және табақша
лақтыру, акробатикалық және гимнастикалық жаттығулар) көптеген
спорттық жаттығуларды тиімді орындауда үлкен рөл атқарады.

    Нұсқаушы немесе қалпына келтіруші рефлекс – дене өз қалпында
болмаған жағдайда оны өз табиғи күйіне, яғни теріс қараған дене
қалпын оңға қарату рефлекстері. Мысалы, кеудені түзету.

                                      141

⇐ МАЗМҰНЫ
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146