Page 142 - indexf
P. 142

Статокинетикалық рефлекстерге дененің ілгері-алға қарай
немесе тіке жоғарыдан төмен не төменнен жоғары қарай не шыр
айналдыру қимылдары барысында және қимыл шапшаңдығының
өзгеруінен пайда болатын, сөйтіп кеңістікте дене қалпын және
тепе-теңдікті сақтайтын тонустық рефлекстер жатады. Шыр айна-
лып қозғалғанда ортаңғы жарғақты арнадағы эндолимфаның ара-
ласуынан вестибулярлық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш
импульстар сопақша мидың вестибулярлық ядросына келіп ай-
налу қозғалыстары кезінде бас пен көздің рефлекстік өзгерістерін
туғызады.

    Шыр айналу рефлексі адамды әдейі жасалған Барани кресло-
орындығына, не центрифугада айналдырғанда пайда болады.
Адамның басы біртіндеп қимыл бағытына қарама-қарсы жаққа қарай
бұрылып, тез қайта орнына келеді, ал көз алмасы бастың бұрылған
жағынан кейін қарай қозғалып, ол да тез қалыпты орнына келеді.
Бұл қимылды нистагм-ырғақты қимыл деп атайды.

    Лифт рефлексі дененің тез жоғары көтерілуінен не төмен
түсуінен пайда болады. Жануарды тез жоғары көтерсе, оның
сирақтары тізе буындарынан бүгіледі, басын ішіне тартады, ал тез
төмен түсірсе, сирақтары буындарынан жазылады, мойны созылып
ұзарады. Адамда лифт кабинасымен жоғары көтерілгенде бүгілу, ал
лифт тоқтағанда кеуде мен аяқтардың жазылуы байқалады.

    Ерікті қозғалыстардың түрлеріне сонымен қатар туа пайда болған
бүгу, итеру және ырғақтық қозғалыс рефлекстері де қатысады.
Ырғақтық рефлекстерге қасу және қадымдау рефлекстері жатады.
Бұл рефлекс жаяу жүру, жүзу және т.б. циклдік жаттығулар сияқты
күрделі қозғалыстардың (локомоциялардың) негізін құрайды. Дене
жаттығуларын орындау туа пайда болған қозғалыс рефлекстерінің
үнемі коррекциялануымен қатар жүреді. Орталық реттеуші ықпал
ерікті қозғалыстардың сипатына сәйкес бұлшық ет тонусын
қамтамасыз етеді.

    Спорттық әрекет организм мен ортаның өзара әсерінің үздіксіз
өзгерістерімен байланысты. Қоршаған ортаның өзгермелі жағдайла-
ры кезінде (мысалы, ойын алаңында) дене жаттығуларын орындаудың
күрделі техникасын меңгеру осындай өзара әсердің мысалы болып
табылады. Жаттығуларды тиімді орындауға мүмкіндік беретін нақты
дифференцияның (ажыратудың) өңделуі ми қыртысының анализ
(талдау) және синтез (талқылау) қызметтерінің нәтижесі болып са-

           142

⇐ МАЗМҰНЫ
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147