Page 143 - indexf
P. 143

налады. Осы қызмет негізінде ерікті қозғалыстарды басқару жүйесі
қалыптасады.

    Зерттеу әдістері. Статикалық қалыптағы төзімділікті стабило-
графия, треморография және Ромберг сынамасы және т.б. әдістері
көмегімен зерттеуге болады.

    Ромберг сынамасы – статикалық тепе-теңдік тұрақтылығын
бағалау. Неміс дәрігері М. Ромберг ұсынаған бұл сынама арқылы
тік тұрған кезде тепе-теңдіктің бұзылуын анықтауға болады.
Қозғалыстың қалыпты координациясын ұстап тұру ОЖЖ бірнеше
бөлімдерінің (мишық, вестибулярлық аппарат, терең-бұлшық
еттік сезімталдық өткізгіштері, ми қыртысының маңдай және са-
май бөлімдері) бірлесе қызмет атқаруымен қатар жүреді. Атал-
мыш қызмет дене шынықтыру мен спорт жаттығулары ықпалынан
жақсара түседі. Вестибулярлық сезім жүйелері каналдары арқылы
түскен ақпарат – адамның қозғалысты мүлтіксіз орындауы үшін
қажет жағдай. Координацияның орталық мүшесі мишық болып та-
былады. Алайда, қажу, шамадан тыс шыныққандық, жүйке жүйесі
аурулары кезінде немесе дене шынықтырумен шұғылданудың ұзақ
мерзімдік үзілістерінде қозғалыс координациясы мен тепе-теңдіктің
бұзылуы байқалады.

    Ромберг сынамасы тірек ауданын біртіндеп азайта отырып, төрт
режимде жүргізіледі. Бірінші режимде екі аяқ бірге, қолдар алдығы
қарай созылады, екінші режимде де дәл осындай қалыпта болады,
тек бір аяқ бір адым алда тұрады, үшінші режимде бір аяқтың таба-
ны екінші аяқтың тізесіне тіреледі, ал төртінші режим «қарлығаш»
деген атаумен таныс. Барлық жағдайда зерттелушінің қолы жоғары
көтерілген, саусақтары ашық және көздері жұмулы болады.

    Көбіне спортшыларды тексеруде үшінші режим қолданылады.
Зерттелуші кез келген оң немесе сол аяғымен тұрады. Ал екінші
аяғы алдыға қарай бүгіліп, табанымен тірек аяғының тізе бөліміне
тіреледі. Команда берілгенде зерттелуші осы қалыпта тік тұрады.
Секундомер қосылып, тепе-теңдік бұзылған (шайқалған, тірек аяғын
қозғап қойған, бүгілген аяғын еденге тигізіп алған, құлаған) мезетке
дейінгіуақыт секундпен белгіленеді. Спортшы үш рет тексеріліп, ең
жоғары нәтижелері тіркеледі.

    Егер әр қалыпта спортшыда 15 секунд ішінде тепе-теңдігі сақтала
отырып, дененің теңселуі, қол немесе қабақтың дірілдеуі (тремор)
байқалмаса «өте жақсы» деген баға қойылады. Егер тремор пайда

           143

⇐ МАЗМҰНЫ
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148