Page 144 - indexf
P. 144

болса, сынама «қанағаттанарлықтай», ал 15 секундта тепе-теңдік
бұзылса, «қанағаттанарлықтай емес» деп бағаланады.

    Дені сау жаттықпаған адамдарда, көбіне тұрақтылық уақыты
30 секундтан жоғары болады және оларда қол мен қабақтың дірілдеуі
(тремор) байқалмайды.

    Бұл сынаманың (тест) координацияның маңызы орасан акробати-
ка, спорттық гимнастика, керме серіппеде (батутта) секіру, мәнерлеп
сырғанау, жүзу, т.б. спорт түрлері үшін тәжірибелік құндылығы
жоғары. Аталмыш спорт түрлерімен шұғылданатын спортшыларда
тұрақтылық уақыты 100-120 сек. және одан да асуы мүмкін.

    Яроцкий сынамасы вестибулярлық талдағыштардың сезімтал-
дық табалдырығын анықтауға мүмкіндік береді. Тест бастапқы
жағдайда көз жұмулы тұрған кезде орындалады. Команда бойынша
спортшы басын бір бағытта (оңға немесе солға) секундына 2 айналым
жасап, жылдам темпте айналдыра қозғалады. Спортшының тепе-
теңдігі жойылғанға дейінгі басты айналдыру уақыты белгіленеді.
Дені сау адамдарда тепе-теңдікті сақтау уақыты шамамен, 25-28 се-
кунд, жаттыққан спортшыларда 40-90 секунд және одан жоғары бо-
лады.

    Вестибулярлық талдағыштың сезімталдық деңгейінің
табалдырығы негізінен тұқымқуалаушылыққа байланысты. Деген-
мен, оны жаттықтыру ықпалымен жоғарылатуға болады.

    Саусақ – мұрын сынамасы. Зерттелуші алдымен көзі ашық, содан
соң көзі жұмулы тұрғанда сұқ саусағын мұрнының ұшына жеткізеді.
Қалыпты жағдайда саусақ мұрнының ұшына тиеді. Ми зақымдары,
невроз және т.б. функциялық күйлерде сұқ саусақтың немесе қол
басының дірілдеуі, оның мұрынға дәл тимеуі байқалады.

    Теппинг-тест психомоторлық көреткіштер арқылы жүйке
жүйесінің қасиеттерін экспресс-диагностикалау әдісі. Бұл әдіс
арқылыспорт физиологиясында қол басы қозғалысының макси-
малды жиілігі анықталады. Әдіс жүйке жүйесінің функциялық
мүмкіндіктерімен анықталатын лабилділік (қозу мен тежелу өту
жылдамдығын), төзімділік (қандай да бір әрекетті ұзақ уақыт
өнімділігін төмендетіп алмай орындау қабілетін) қасиеттерін зерт-
теуге бағытталған. Төзімділікке (төзімділікке) қозғалыс коорди-
нациясы даму деңгейі, психикалық үдерістер мен ерік күші ықпал
етеді.

    Сынақ өткізу үшін секундомер, қарындаш және екі сызық

           144

⇐ МАЗМҰНЫ
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149