Page 145 - indexf
P. 145

арқылы бірдей 4 бөлікке бөлінген ақ қағаз қажет. Кейбір ғалымдар
жұмыс қабілеттілігін бағалау айқынырақ болар деген мақсатпен
ақ қағазды 6 (3 сызық арқылы) немесе 8 (4 сызық арқылы) бөлікке
бөлуді ұсынады. 10 сек. (немесе 5 сек.) ішінде бірінші шаршыға
максималды жылдамдықта нүктелер қойылады. 10 секунд дема-
лыстан соң екінші, үшінші және төртінші шаршыларда процедура
қайталанады. 2-шаршы 1-шаршының, 4-шаршы 3-шаршының асты-
на орналасады. Әр шаршылардағы нүктелер саналады.

    Нәтижелер бойынша 5 тип анықталады. Олар:
    1. Күшті тип – жұмыстың алғашқы 10-15 секундтарында темп
максималды мәнге дейін артады. Келесі 25-30 сек.-та ол бастапқы
(яғни, жұмыс басталған 5 сек.-та байқалған) деңгейге дейін
төмендейді. Бұл қисық сызық типі зертелушіге күшті жүйке жүйесі
тән екендігін көрсетеді;
    2. Тұрақты тип – жұмыс бойы максималды темп шамамен бір
деңгейде сақталады. Аталмыш тип зерттелуші жүйке жүйесінің ор-
таша күшіне ие екендігін аңғартады;
    3. Әлсіз тип – максималды қарқын екінші 5 сек.-та ақ азайып,
бүкіл жұмыс бойы төмен деңгейде қалады. Бұл типке әлсіз жүйке
жүйесі тән;
    4. Орташа әліз тип – жұмыс темпі алғашқы 10-15 сек.-та
бәсеңдейді. Тип орташа мен күшті жүйке жүйесі арасындағы – орта-
ша әлсіз жүйке жүйесі ретінде бағаланады;
    5. Орташа күшті тип – бас кезінде төмендеген максималды
қарқын қысқа уақытта бастапқы деңгейге дейін артуға ұласады.
Қысқа мерзімде мобильденуге қабілетті бұл зерттелушілер орташа
күшті жүйке жүйесі тән тұлғалар қатарына жатқызылады.
    Сондай-ақ зерттелушілерге тапсырманы оң (сағат стрелкасы
бойымен) және сол қолдарымен (сағат стрелкасына қарсы) орында-
та отырып, функциялық ассиметрия коэффициентін (KFa) де фор-
мула бойынша анықтауға болады: KFa = ((оң қол қойған нүктелер
жиынтығы – сол қол қойған нүктелер жиынтығы) / (оң қол қойған
нүктелер жиынтығы + сол қол қойған нүктелер жиынтығы)) * 100%;
    Жаттыққан спортшыларда қол басы қозғалысының максимал-
ды жиілігі 10 секундта 70-тен асады. Шаршыдан шаршыға өткенде
нүктелер санының төмендеуі қозғалыс сферасының және жүйке
жүйесінің жеткіліксіз төзімділігін көрсетеді. Жүйке үдерістері
лабилділігінің (мүмкіндігінің) саты тәріздес (екінші немесе үшінші

           145

⇐ МАЗМҰНЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150