Page 146 - indexf
P. 146

шаршыларда қозғалыс жиілігінің артуы) төмендеуі бабына ену
үдерістерінің баяулығын дәлелдейді. Бұл тест акробатика, семсер-
лесу, спорттық ойындар мен басқа спорт түрлерінде қолданылады.

    Дағдының тұрақтылығы және оның сақталу ұзақтығы.
Қозғалыс дағдылары басқа да уақытша байланыстың көріністері
сияқты басында тұрақтылығы жеткіліксіз болып, кейін біртіндеп
неғұрлым тұрақты бола бастайды. Олар неғұрлым өздерінің
құрылымы бойынша қарапайым болған сайын берік болады.
Күрделі үйлесімділіктен тұратын дағдылар соғұрлым тұрақсыздау
болып келеді. Осы себепті тіпті, жоғары білікті спортшыға күрделі
қозғалыстарды қайталау кезінде өзінің жоғары нәтижелерін әр рет
сайын көрсету оңайға түспейді. Егер жаттығудың сапалы орын-
далуына себепші қандай да бір фактордың толықтау болмаған
жағдайының өзінде нәтиже төмендейді. Дағдының тұрақтылығын
төмендететін факторларға жүйке жүйесінің жалпы күйінің нашарла-
уы (мысалы, қажу кезінде), гипоксия, белдеу сағатының айтарлықтай
өзгерістеріне бейімделудің жеткіліксіздігі, күшті қарсыласының ал-
дында өзіне деген сенімсіздігі, т.б. жатады. Бұл ретте жүйке жүйесі
типтерінің айтарлықтай мәні бар.

    Жүйелі жаттықтыру тоқталған соң дағды жоғала бастайды. Бірақ
бұл оның түрлі бөлімдерінде әртүрлі көрінеді. Неғұрлым күрделі
қозғалыс бөлімдері тіпті, бірнеше күндік үзілістің өзінде де нашар-
лай бастауы мүмкін. Ал ұзақ уақыттық үзілістер (апта, ай) кезінде
соғұрлым дағды тез жоғала бастайды. Сондықтан жоғары нәтижелі
жетістіктерге жету үшін жаттықтыру жүйелі әрі ұзақ уақыттық ин-
тервалсыз жүргізілуі қажет. Дағдының күрделі емес бөлімдері ай-
лар, жылдар және ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Мысалы,
жүзумен айналысқан, коньки немесе велосипед теуіп үйренген адам-
дарда осы қарапайым түрдегі дағдылар тіпті, ұзақ уақыттық интер-
валдардан кейін де сақталатыны белгілі.

    Қан айналу, тыныс алу және т.б. қызметтердің реттелуімен байла-
нысты дағдының вегетативтік бөлімдерінің қозғалыс бөлімдерінен
көптеген айырмашылықтары бар. Бір жұмыс түрін басқа әрекет
түріне қысқа мерзімде ауыстыру кезінде қозғалыс бөлімдеріне
қарағанда вегетативтік бөлімдер баялау құрылады. Ұзақ үзілістер
(айлар, әсіресе, жылдар) кезінде дағдының вегетативтік бөлімдері
қозғалыс бөлімдеріне қарағанда толығымен өшуі мүмкін.

           146

⇐ МАЗМҰНЫ
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151