Page 147 - indexf
P. 147

Қозғалыс дағдыларының қалыптасуындағы бұлшық ет
қызметінің сипаттамасы. Қозғалыс дағдысының қалыптасуы
кезіндегі бұлшық ет қызметінің ерекшеліктерін бірнеше бұлшық ет
биопотенциалдарын бір уақытта тіркей отырып жазылатын электро-
миография мәліметтері бойынша бақылауға болады (35-сурет).

    Спорттық дағдының қалыптасуының бастапқы сатыларын-
да биопотенциалдардың тек сол қозғалыс әрекетін жүзеге асыруға
қажетті бұлшық еттермен бірге «артық» бұлшық еттерде де
тіркелетіні айтылып өткен болатын. Бұл жүйке орталықтарындағы
иррадиация құбылыстарымен байланысты. Дағдының бекуіне бай-
ланысты иррадиацияның шектелуі жүреді, ал дағдының толығымен
қалыптасуы кезінде ол тек үйреншікті емес жағдайларда ғана, мы-
салы, бөтен күшті тітіркендіргіштердің әсер етуі мен қажу кезінде
байқалады.

    Циклдік қозғалыстарда дағдының жетілуі нәтижесінде бұлшық
ет белсенділігі кезеңдерінің ұзақтығы өзгереді. Дағдының
қалыптасуының алғашқы сатыларында тиісті бұлшық еттердің
электрлік белсенділігі тек қозғалыстың белсенді фазалары уақытында
ғана емес, олардың арасындағы интервалдар да байқалады. Әрі
қарай электромиографиялық секірмелер қысқа болады.

   35-сурет. Антагонист бұлшық еттердің электромиограммасы
                           (Р. С. Персон бойынша):

1 – иықтың үшбасты бұлшық еті;
2 – иықтың екібасты бұлшық еті;
А – жаттықпаған адамдарда;
Ә – жаттыққан адамдарда

    Дағдының қалыптасу үдерісінде антагонист-бұлшық еттер
арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруі көрініс береді.
Үйретудің бастапқы кезінде олардың биоэлектрлік белсенділігі

           147

⇐ МАЗМҰНЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152