Page 148 - indexf
P. 148

бір уақытта көрініс берсе, салыстырмалы баяу қозғалыстарда
олардың арасында реципроктылық (ілеспелілік) байқалады және
биоэлектрлік белсенділік кезекпен туындай бастайды. Деген-
мен, тіпті, қалыптасқан дағдының кезінде де реципроктылық аго-
нист жиырылуы кезінде антагонист белсенділігінің төмендеуінде
ғана көрініп толық айқындалмауы мүмкін. Мұнда қозғалыс темпі
неғұрлым жылдам болған сайын, соғұрлым агонисттің биоэлектрлік
белсенділігі бір мезгілдегі антагонист белсенділігімен үйлеседі.

    Кейбір жағдайларда антагонист-бұлшық еттердің бір мезгілдегі
әрекеті сол қозғалыс дағдысы жетілуінің жоғары дәрежесі кезінде
байқалатын координацияның ерекше түрі ретінде көрінеді. Соның
ішінде бұл дене буындарының бірқалыпты ауысуын қажет ететін
баяу қозғалыстарда, мысалы, атқыштардағы шүріппені басу кезінде
орын алған.

    Әртүрлі тұлғаларда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезінде
түрлі бұлшық ет қозғалысына қатысу дәрежесін айғақтайтын
биоэлектрлік белсенділік бірдей жүрмейді. Бұл тура сол қозғалыстың
жұмыс атқарушы бұлшық еттер қызметтерінің бірнеше ерекше
үйлесімде орындалуымен түсіндіріледі.

    Осыған орай біліктіліктері бірдей спортшылардың
биоэлектрлік белсенділіктерінің ортақ қасиеттерімен бірге мәнді
айырмашылықтарының да болуы мүмкін.

Афференттіліктің қозғалыс дағдыларының қалыптасуы мен
                         сақталуындағы маңызы

    Қозғалыс актілері қалыптасуының және оны басқарудағы күрделі
жүйкелік механизмінде сыртқы ортадан және организм жүйелері
мен түрлі дене бөлімдерінен алынған ақпараттың орны зор.

    Кері байланыс және оның қозғалыс техникасының
қалыптасуы мен жетілуіндегі маңызы. Жүйке жүйесі қандай да
бір әрекетті қозғалыс және вегетативтік жүйкелер арқылы туды-
ра отырып, кері байланыстың болуының арқасында басқарылған
мүшелерден (бұлшық ет, жүрек-тамыр жүйесі және т.б.), сонымен
қатар сыртқы ортадан атқарылған әсер туралы ақпаратты сол сәтте-
ақ ала бастайды. Н. А. Бернштейн бойынша кері байланыс сигнал-
дары қозғалыс корреляциясының маңызды факторы болып табыла-

           148

⇐ МАЗМҰНЫ
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153