Page 149 - indexf
P. 149

ды. Оларды орталық жүйке жүйесіне сезім мүшелері арқылы келетін
болғандықтан сенсорлық (сезгіш) коррекция деп атайды.

    Кері байланыс ішкі және сыртқы болып ажыратылады. Ішкі кері
байланыс бұлшық ет, жүрек және организмнің басқа жүйелерінің
жұмысы сипаты туралы, ал сыртқы кері байланыс сыртқы ортадан
әрекет туралы (лақтыру дәлдігі, футболдағы доптың қозғалу бағыты,
күресте қарсыластың дене күйінің өзгерісі, т.б. сияқты) хабар беріп
отырады.

    Дене жаттығуларын орындау кезінде ішкі кері байланыстар
қозғалыс (пропиоцептивтік), вестибулярлық және интероцептивтік
сенсорлы жүйелер арқылы, ал сыртқы кері байланыс көру, есту және
тактильді (жанасу) сезім мүшелері арқылы орындалады.

    Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жаттығуды бақылап
тұрған жаттықтырушы немесе басқа тұлғалардан алынған қосымша
ақпараттың айтарлықтай мәні бар. Қазіргі кезде бақылаудан
басқа қозғалыс актісінің кеңістіктік және уақыттық параметрлерін
бағалауға мүмкіндік беретін түрлі аспаптық техника, гензометрия,
электромиография, кино, бейнежазбалар, т.б. кең қолданылады.

    В. С. Фарфель бойынша алынған мәліметтер «жедел» болса, яғни
қозғалыс техникасын арттыру үшін тікелей жаттығуларды орындау
барысында немесе оны келесі қайталау кезінде қолданылса, осы
мәліметтер ерекше құндылыққа ие.

    Жоғарыда қарастырылған қозғалыс дағдысының қалыптасу
ерекшеліктері ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын жоққа
шығармайды. И. М. Сеченов негізін салғаннан кейін И. П. Пав-
лов пен оның шәкірттері дәлелдеген рефлекстік теорияның негізгі
заңдылықтары өз күшін жоймаумен қатар және автоматты (дағдылы
әрекеттенген) ерікті қозғалыстар кезіндегі орталық және орындау-
шы мүшелер арасында өзара байланысты зерттеу жұмыстарында да
расталып дәлелдене түсуде.

    Орталық жүйке жүйесіндегі қозғалысты бағдарламалаудағы
афференттік және басқа факторлардың интеграциясы. Қозғалыс
актісі даярлықтың және орындалудың барлық кезеңдерінде орталық
жүйке жүйесіндегі афферентті және т.б. факторлардың интеграция-
сымен байланысты болады.

    Бұл тұрғыда П. К. Анохин:
    1. Мотивация;
    2. Ес (Зерде);

           149

⇐ МАЗМҰНЫ
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154