Page 150 - indexf
P. 150

3. Жағдайлық афферентация;
    4. Қозғағыш афферентация сияқты 4 негізгі факторларды атап
көрсетеді (36-сурет).
    Адамдардың еңбек және спорттық әрекеттерінде, әсіресе
түрлі әлеуметік мотивациялардың маңызы зор. Жүйке жүйесінде
қалдырған іздерінің (ес) салдарынан бұрынғы тәжірибе кез келген
жағдайды бағалауда күшті ықпал жасайды. Интеграция үдерісінде
орта жағдайы туралы ақпараттың (жағдайлық афферентацияның)
маңызы зор. Қоршаған ортадан және организм қызметінің әртүрлі
күйі туралы түсетін ақпараттардың ОЖЖ-де түрлі әсерлерді дұрыс
бағдарламалаудың маңызды бөлімі болып табылатындығы күмән
келтірмейді.

  36-сурет. Гомеостаз рецепторлары арқылы ішкі қажеттілік өзгерістері
туралы сигнал беру мен афференттік синтез негізінде мінез-құлықтық ре-

       акциясы қалыптасуы сызбанұсқасы (П. К. Анохин бойынша):
    ҚА – Қозғағыш афференттік сигнал;
    ЖА – Жағдай афференттік сигналы;
    1 – шешім қабылдау;
    2 – эфференттік қозу;
    3 – мінез-құлық нәтижесі;
    4 – нәтиже көрсеткіштері;
    5 – әрекет нәтижесін салыстырушы – акцептор;
    6 – метаболизмдік өзгерістер;
    7 – гомеостаз өзгерістері;
    8 – гомеостаз рецепторлары

           150

⇐ МАЗМҰНЫ
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155