Page 151 - indexf
P. 151

Сондай-ақ спорт түрлеріне байланысты жарысты бастайтын
(қозғағыш афферентацияның) ату, ысқырық дауысы, жалаушаның
түсуі, команда, т.б. сигналдардың маңызы зор. Дегенмен, жауап
беретін қозғалыс актілерін талап ететін көптеген жарыстың баста-
луын білдіретін тітіркендіргіштер күрделі болып келеді. Олар тек
жалғыз сигнал ғана емес, белгілі бір сипаттағы жағдайды да білдіреді.
Бұл әрқашан афференттік синтезді өте қиындатады. Мысалы, жекпе-
жектің және спорттық ойындардың әртүрлерінде жаңа әрекетті
бірнеше рет бастау керек. Сан алуан дене жаттығуларын орындау
кезінде кері байланыс көмегімен ішкі және сыртқы ортадан алынған
ақпараттардың өзіне тән ерекшеліктері болады. Қозғалыс әрекетін
баяу орындау кезінде кері байланыстар сол қозғалыстың немесе
қандай да бір оның фазасын түзетуге мүмкіндік береді. Тез орын-
далатын күрделі көп фазалы қозғалыстар (мысалы, гимнастикалық
жаттығулар) кезінде кері байланыс уақыт тапшылығына байланыс-
ты ағымдағы түзетуде көп рөл атқармайды. Өте қысқа уақыттық
қозғалыстарда (соның ішінде лақтыру, тастау сияқты баллистикалық
қозғалыстарда) кері байланыс арқылы тек оны қайталау кезінде ғана
қозғалыс актісінің түзетілуі мүмкін.

    Қозғалыс актісін орындаушы мүшелердің күйіне байланыс-
ты бағдарламалау. Ес, орта жағдайы және жарыстың басталуы
туралы қозғағыш ақпараттар сияқты факторлардың интеграциясы
мен орталық және шеткі орындаушы мүшелердің функциялық күйі
күрделі қозғалыстарды бағдарламалаудың негізі болып табылады.

    Эксперименттік зерттеулер шартсыз қимыл рефлекстерінің
тіпті, кері байланыстар болмаса да толық жүзеге асыралатынын
көрсетті. Сонымен қатар берік қалыптасқан қарапайым шартты-
рефлекстік қозғалыстар қимыл сенсорлық жүйелермен іске асы-
рылатын кері байланыстар қатыспаса да орындалуы мүмкін. Де-
мек, бұрын жақсы бекітілген бағдарламалар бұл қозғалыстарды
сенсорлық коррекциясыз іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы
жағдайларда жаңа қозғалыстардың түзілуі төтенше қиын болып
келеді. Күрделілігі және дәлдігі жоғары дәрежемен сипатталатын
қозғалыс бағдарламаларының (бұған көптеген спорттық жаттығулар
кіреді) коррекциясыз кері байланыс жолымен толығымен іске асы-
рылуы мүмкін емес. Яғни, фазалардың үнемі алмасуымен сипатта-
латын күрделі қозғалыстарды бағдарламалау қозғалыс аппараты мен
түрлі вегетативтік жүйелердің күйі туралы ОЖЖ-не міндетті сигнал
беруді талап етеді.

                                      151

⇐ МАЗМҰНЫ
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156