Page 152 - indexf
P. 152

Қозғалыстарды өзінің қиындығы бойынша бағдарламалау әр
спорт түрінде біркелкі емес. Бұл алдымен, қозғалыс әрекетінің
күрделілігі дәрежесімен, екіншіден, оның жаңалық дәрежесімен,
үшіншіден, бағдарламалаудағы уақыт ұзақтығымен байланыс-
ты. Егер қозғалыс бұрын көп рет орындалса және дағды жақсы
меңгерілсе, онда тіпті, күрделі актілерді (мысалы, гимнастикада,
лақтыру кезінде) қайталама бағдарламалау салыстырмалы жеңіл
өтеді. Жаңа қозғалыстар кезінде, мысалы, спорттық ойындар мен
жекпе-жектерде бағдарламалау үдерісі неғұрлым қиын болады.

    Қозғалысты орындау тиімділігі бұлшық еттер мен олардың
қызметін қамтамасыз ететін вегетативтік мүшелердің қызметтік
мүмкіндіктерімен қозғалыс бағдарламасының сәйкес келуін та-
лап етеді. Бағдарлама мен қозғалыстардың іс жүзінде орындалуы
арасындағы келісімсіздік әсіресе, шеткі орындаушы мүшелердің
(бұлшық ет, бездер, кардиореспираторлық және т.б. организм
жүйелері) күйінің өзгерістері кезінде күшейе түседі. Шеткі
мүшелердің, соның ішінде бұлшық еттің қызметтік мүмкіндіктері
үнемі өзгерісте болады. Бұл жүйке орталықтарына лайықты
қажетті ақпараттардың өз уақытында түсіп отыруын талап етеді.
Сонда ғана жүйке жүйесі қозғалыс міндеттерінің тиімді орын-
далуын қамтамасыз ететін толық бағдарлама құра алады. Кейбір
жағдайларда жаттығулардың орындалуының жеткіліксіз тиімділігі
шеткі ақпараттардың, соның ішінде бұлшық ет күйі туралы ОЖЖ-
де бағдарламалаудың сәйкес келмеуінен де болуы мүмкін.

    Биіктен секіру, сырықпен секіру, ауырлық көтеру сияқты
жаттығуларда жоғары нәтижелерге бірінші ретте емес, бірнеше рет
қайталап орындаған соң жетеді. Бұл бір жағынан, бастапқы жеңілдеу
міндеттерді шешу уақытында (төмен биіктікте, аз салмақта) жүйке
жүйесінің шеткі бұлшық ет аппаратының іс жүзіндегі күйі туралы
нақты ақпарат алуымен байланысты. Сондықтан кез келген күрделі
координациялы жаттығуларды орындау алдында арнайы бой жазу
жүйке орталықтарының орындаушы қозғалыс аппаратының күйі ту-
ралы қосымша ақпарат алуын қамтамасыз етеді.

Қозғалыс дағдыларын бағдарламалы үйрету принциптері

Үйретудің бағдарламалы түрінде:
1. Үйрету бағдарламасының болуы;

           152

⇐ МАЗМҰНЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157