Page 153 - indexf
P. 153

2. Үйретуді этаптарға бөлу;
    3. Оперативті (жедел) бақылау және шұғылданушының жеке-
дара ерекшеліктеріне байланысты оқытудың сандық және сапалық
тұстарының өзгеру мүмкіндігі сияқты жетекші бөлімдерді бөліп
көрсетуге болады.
    Бағдарламалы үйретудің негізін салушы Б. Скиннер 3 негізгі
принципін ұсынған. Сызықтық принципі бойынша егер келесі әр
операция алдыңғы операция толық, қатесіз орындалған соң орында-
латын болса, үйрену соғұрлым тиімді болады. Қозғалыстың күрделі
формаларын бағдарламалы үйретуде бұл принциптің мүмкін емес
болуы ықтимал.
    Тармақталған бағдарламалау бойынша күрделі қозғалыстың
қанағаттанарлықтай дәрежеде орындалуына жаттығудың
құрылымдық және биомеханикалық тұтастығының сақталуы
кезінде жету мүмкін болады. Тұтас қозғалыстарды орындау бары-
сында қателіксіз мүмкін емес болғандықтан, бағдарламада оларды
жою да қарастырылған. Жаттығу қатесіз орындалған жағдайларда
соңғы нәтижеге жету жолы қысқарады.
    Аралас бағдарламалауда оқушының оқылатын материалға
бейімделу элементтері ескеріледі. Меңгеру үдерісі қате туындама-
ғанға дейін сызықтық бағдарламасы бойынша жүреді. Туындаған
қате тармақталған бағдарламалау әдісі бойынша бейімделудің жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отыра түзетіледі.
    Сонымен қатар қозғалыстарды орындауда табыстарға жету
жағымды эмоциялық күйлермен қатар жүреді. Ал қозғалыс
дағдысының табысты орындалмауы керісінше, жағымсыз эмо-
цияларды тудырады. Жағымды эмоциялармен орындалған дене
жаттығуларының тез меңгеріліп әрі берік бекітілуі осының салда-
рынан болады. Олар жетекші эмоция және жағдайлық эмоция бо-
лып бөлінеді. Жетекші эмоция мұқтаждықтың пайда болуымен не-
месе күшеюімен байланысты. Бұл эмоциялық әсерленушіліктің
сапасы мен өзгешелігі, оны туғызған мұқтаждықтың түрлері және
ерекшеліктерімен байланысты. Жағдайлық эмоция мақсатты
жүзеге асырушы іс-қимылды, нақтылы жетістіктерді күтіп
отырған нәтижемен салыстырудан шығады. Осыған байланыс-
ты эмоциялық әсерленушілік жағымсыз немесе жағымды болуы
ықтимал. Жағымсыз эмоциялар дағдының вегетативтік бөлімдерінің
айтарлықтай күштенуін тудырады. Нәтижесінде ішкі мүшелер

           153

⇐ МАЗМҰНЫ
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158