Page 154 - indexf
P. 154

қызметінің бұзылулары, вегетативтік невроздар пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар эмоциялық тонус жоғарылауының төзімділіктің,
максималды күш пен жылдамдықтың (шапшаңдықтың) көрінуіне
ықпал жасайтыны белгілі.

           Қозғалыс есі (зердесі)

    Жүйке үдерістері бір жағынан, орталық жүйке жүйесіне сезім
мүшелері арқылы афференттік импульстардың белгілі комплекстері
мен орындаушы мүшелерге эфференттік жүйкелер арқылы
импульстардың арнайы комплекстерінің жіберілуімен байланысты
еске қалдыру кезінде сыртқы және ішкі орта әсерлерінің ми нейрон-
дарында із жазбасын (энграммасын) қалдырады.

    Ес (зерде) дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код («қойма») түрінде
сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін
өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Бұл «қойманың» ішінде басқа да
ақпарат түрлерімен қатар әртүрлі дене жаттығуларын орындау тех-
никасымен байланысты бұлшық еттерді үйлесімді (координациялы)
басқару бағдарламасы арқылы қалыптасқан ақпараттар да бар.

    Дене жаттығуларын орындау үшін бұлшық еттердің жиырылуын
басқару бағдарламасын есте сақтаудың маңызы зор.

    Еспен байланысты жүйке үдерістері әрқайсының өзіндік маңызы
бар:

    1.	Түрлі сезім мүшелерінен түскен ақпараттарды қабылдау;
    2.	Осы ақпаратты өңдеу және талқылау (синтездеу);
    3.	Өңделген ақпарат нәтижелерін бекіту (сақтау);
    4.	Қажет ақпаратты мезгілінде қайта жаңғырту (еске түсіру);
    5.	Жауап реакцияларын бағдарламалау сияқты бірнеше
бөлімдерден тұрады.
    Кейбір кездерде спортшыларда қажетті ақпаратты еске түсіру
уақытша қиынға соғады. Бұл жағдайлар жүйке жүйесінің қалыпты
қызметін бұзатын факторлар мен жағымсыз эмоциялардың әсері
кезінде байқалады. Осының салдарынан дене жаттығуларын орын-
дау қиынға түседі.
    Қозғалыс актілерінің түрлі көрсеткіштері бірдей есте сақталып,
еске түсірілмейді. Ол қабылданған ақпараттың мөлшері мен
ерекшелігіне байланысты. Мысалы, күштік ширығу статикалық

           154

⇐ МАЗМҰНЫ
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159